Тоқаев: Азық-түлік бағасының рекордтық өсуіне жол бермеу керек

Фото: telegram / Борт №1

Қазақстанда Украинадағы оқиғаларға байланысты азық-түлік бағасының күрт өсуі байқалады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бағаның барлық абсолютті рекордтарды бұзуы мүмкін екенін атап өтіп, Министрлер кабинетіне азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін мұқият шешуді тапсырды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Президент елімізге сапалы егіс қажет екенін, бірақ бүгінде ол үшін көптеген шаруалардың дайын еместігін түсіндірді.

«Үкімет пен әкімдіктер мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс. Шаруаларды жанар-жағармайдың қажетті көлемімен қолайлы бағамен қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексеру қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кейбір өңірлерде жауын-шашынның аз болуы өнім көлеміне, соның ішінде жемшөп көлеміне кері әсер тиігізетінін еске салды.

Президенттің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау қажет. Оның ішінде тұрақтандыру қорларына ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық бағалар бойынша сатып алуды қамтиды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы шектен тыс бюрократияны жою қажеттілігіне де тоқталды.

«Үкімет жанынан құрылған Жедел штаб нақты уақыт режимінде ақпаратқа талдау жүргізетін, сондай-ақ нақты шұғыл шаралар әзірлейтін ахуалдық орталық ретінде бір мезгілде жұмыс істеуі тиіс. Жүйелі деңгейде ел дамуын тежеп отырған шектен тысбюрократияны жою керек. Мен мемлекеттік аппаратты дебюрократизациялау туралы Жарлыққа қол қоямын», – деп түйіндеді ол.