Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің ант беру рәсімінде айтты.
«Елбасының құрметіне монумент тұрғызуды, сондай-ақ, барлық қалалардағы орталық көшелерге Назарбаев атын беруді ұсынамын. Сонымен қатар, «Халық қаһарманы» орденімен марапаттауды ұсынамын»,-деді Тоқаев.
19 наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы республикалық телеарналарда жасаған мәлімдемесінде айтқан еді. Конституцияға сәйкес, Президенттің уақытша міндетін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.