Toyota қатарынан 3 жыл автокөлік сатылымы бойынша әлемдік көшбасшы

547

Бәсекенің күшеюіне қарамастан, ToyotaMotorCorp. жапондық автокөлік жасау тобы қатарынан үшінші жыл әлем нарықтарындағы автокөлік саудасының көлемі бойынша көш басында келеді. Бұл жайлы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

2014 жылы, HinoMotorsLtd. және DaihatsuMotorCo. бөлімшелерін қоса алғанда, Toyota сатылымдарды жалпылап алғанда 3%-ға, 10,23 млн автокөлікке дейін арттырды. Алайда компания басшылығының 2015 жылға берген болжамы ұстамды, олар сатылым деңгейінің 1%-ға, 10,14 млн автокөлікке дейін түсуін күтеді. Toyota табысына АҚШ-тағы, RAV4 және Highlander-ді қоса алғандағы, комапнияның жол талғамайтын автокөліктеренің рекордтық сатылымдары жағдай жасады.

Сатылым көлемі бойынша екінші орын немістің Volkswagen AG (VW) автоконцерніне тиесілі. Олар өткен аптада 2014 жылы 10,14 млн автокөлік сатқандығын жария етті.

Үшінші орында — американдық GeneralMotorsCorp., олар сатылымдарды 2,1% дейін артырып, 9,92 млн автокөлікке тең жеке рекордына қол жеткізді.

«Toyota мақсаты әлемде бірінші болу емес, — деді Moody’sInvestorsService автонесиелеу секторының сарапшысы Пегги Фурусака. – Жетекші орынға таласудан гөрі, Toyota компаниясын пайдалылықты сақтау мәселесі көбірек қызықтырады. Сол себепті, егер таяу жылдарда Toyota сатылымы VW-нен төмен болса, мен үшін бұл таңданарлық жайт болмайды».

Бұл ретте Volkswagen сатылым бойынша жетекші орынға шыққысы келетіндігін бірнеше мәрте білдірген еді.