Цеснабанк Asiamoney марапатына ие болды

417
Цеснабанк

Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz — Цеснабанк Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде «Орталық және Шығыс Еуропадағы үздік жергілікті банк» атты Asiamoney марапатына ие болды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Басылымның пікірінше, бас офисі Астана қаласында орналасқан Цеснабанк экономикалық даму мемлекеттік бағдарламаларының стратегиялық серіктестігі ретінде танымал. Сонымен қатар, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі болашақ жобаларда көшбасшылық орынға ие болуға барлық негіздері бар.

«Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбектің сөзінше, Қазақстан үшін Қытай мемлекетімен көршілік фактор қолайлы мүмкіндер жасап, Цеснабанк бизнесін дамытуға үлесін тигізеді.

«Қытай Үкіметінің «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруда сауда қатынастарын дамытуға қосқан үлесімізге жоғары баға бергеніңіз үшін алғыс айтамыз. Цеснабанк өз клиенттерінің қытай контрагенттерімен жасасқан экспорттық-импорттық келісім-шарттары бойынша белсенді қызмет көрсетеді», — деді ол.

Айта кетейік, 2017 жылы Asiamoney Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының дамуында елеулі рөл атқаратын банктерді белгілеуге арналған жаңа сыйлықты тағайындаған болатын. Бұл жаһандық стратегия XXI ғасырдың ірі экономикалық бастамасы ретінде қабылданды. Марапаттау рәсімі Пекин қаласында өтті.

Айгүл Хожантаева