Түркістанда макарон цехы іске қосылады

149
макарон
Фото: ligakulinarov.ru

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Түркістан облысында 120 млн теңгеге макарон цехы іске қосылады. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Ведоствоның хабарлауынша, кәсіпорын жұмысын 2020 жылы бастайды.

«Жобаның инвесторы — «Жылға Логистик». Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тонна макарон өнімдерін құрайды. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі деп жоспарлануда», — деді басқармада.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде тез дайындалатын кеспе шығаратын зауытты жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған сингапурлық компания 15 млн доллар бөліп, зауытты сатып алды. Кәсіпорын 2019 жылдың ІІІ тоқсанында іске қосылады.