ҚТЖ-ның облигациялары Ресей нарығында жоғары бағаланды

облигациялары
Фото: Kapital.kz

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — 7-8 желтоқсанда Санкт-Петербургте Cbonds.ru ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен XV Ресей облигациялық конгресі өткізіліп, онда ҚТЖ-ның облигациялары жоғары бағаланды.

Конгресс аясында Cbonds Award 2017 жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. «2017 жылғы ресей қоры нарығындағы шетелдік эмитенттің Үздік келісімі» аталымы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жеңімпаз деп танылды.

2017 жылы маусымда «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресей нарығына 15 миллиард рубль көлемінде несиелік қорға бес жыл мерзімге жылдық кірісі 8.75% облигация шығарған болатын.

Бұл қазақтандық эмитенттің алғашқы шығарылымы ТМД елдері аумағындағы елдер тарихындағы ресей нарығына шығарылған тұңғыш корпоративтік облигация болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттің қордың 100% қатысуымен вертикальді-ықпалдастырылған көлік-логистикалық холдингі саналады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мынадай несиелік рейтингтерге: Fitch – BBB-; Moody’s – Baa3; S&P – ВВ- ие.