ҚТЖ топ-менеджерлерінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы дерек жоққа шығарылды

415

«Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресми сайтында «Қазақстан темір жолы» топ-менеджментінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы деректі жоққа шығаратын ақпарат пайда болды.

«Танымал ақпарат агенттігінің сайты мен әлеуметтік желілерде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ топ-менеджменті үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тарады. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Компанияның беделіне нұқсан келтіретін мұндай анонимді ақпаратты орналастырмас бұрын мұқият безбендеп, саралап алуды өтінеміз», — делінген компания сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, сәл бұрын қазақстандық порталдардың бірінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясының басшылығына қатысты тергеу жүргізілгені және қылмыстық іс қозғалғаны туралы материал жарияланған еді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат