Экономика
Қуандық Бишімбаев қамауға алынды
Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлады.
"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - делінген Антикоррупция қызметінің хабарламасында.
Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған.