Астана. 10 сәуір. 7kun.kz - ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды.
Астана қалалық соты хабарлады. «2017 жылдың 6 сәуірінде Астана қаласы №2 Алматы аудандық соты күдікті Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартты», - делінген сауалға берген жауапта.
Бұған дейін «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған едік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, оны бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыптап, қамауға алған еді.
Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деп күдікке ілінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024