Uber жол апатынан кейін пилотсыз такси сынағын тоқтатты

Фото: rbc.ru

Темпе. 27 наурыз. 7kun.kz – Uber пилотсыз такси сынағын тоқтатты. Мұндай шешім тесттен өтуші автокөліктердің бірі Аризона штатында жол апатына ұшырады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Жол апаты 24 наурыз күні Аризона штатында Темпе қаласында болды. Жергілікті полицей қызметкерлерінің мәліметінше, Uber автокөлігі бұрылмақ болған кезде басқа автокөліктің жүргізушісі оған жол бермеген. Қақтығыс нәтижесінде, пилотсыз көлік бір жағына аударылып қалған. Жол апаты кезінде, ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Uber-дің мәліметі бойынша, пилотсыз автокөліктің алдыңғы орындығында жүргізуші болған, бірақ көлік апаты болған уақытта автономды режимде жүріп келе жатқан. Болғн оқиғадан кейін Uber Аризона, Питтсбург және Сан-Францискодағы сынақ жұмыстарын уақытша тоқтатты.
«Біз болған оқиғаны зерттеуді жалғастырып жатырмыз», — деді Uber баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, бұл пилотсыз автокөліктің қатысуымен болған алғашқы жол апаты емес. 2016 жылы Флорида штатында пилотсыз көлік жүк көлігіне соқтығысып, автономды режимде келе жатқан Tesla Motors автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты. Дәл осы жылы жол апатына Google пилотсыз көлігі де апатқа ұшыраған болатын. Өзін-өзі басқаратын автокөлік жолдағы бірнеше қап құмды айналып өтпек болғанда автбуспен соқтығысқан.