Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz - Француздық танымал ойын құрастырушы компания Ubisoft блокчейн мен оны өзінің ойындарында және қызметтерінде пайдалану мүмкіндігін зерттеуге кірісті. Қазіргі уақытта стратегиялық инновациялық зертханасының мамандары технологияны белсенді түрде зерттеп келеді. Жақын арада басшылыққа олардың қолданылу нұсқаларын ұсынуға болады.
«Ubisoft» инновациялық зертханасының трендтер бөлімінің жетекшісі Лидвин Сауер IGN ойын ресурсымен сұхбатында, басылым блокчейнді ойыншылардың сатып алған сандық тауарларының меншік құқығымен жұмыс істеу үшін пайдалану мүмкіндігіне қызығушылық танытқанын айтады.
«Мысалы, ойыншы нақты цифрлы коллекциялық заттарды сатып алуына мүмкіндіктер алады. Ол жүз пайыз өзіне ғана тиесілі болады. Олардың көшірмесін басқа ешкім жасай алмайды», - деп түсіндіреді Сауер.
Бұған қоса, блокчейн меншік құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Ал, бұл видео ойын бизнесіндегі үлкен проблемма. Әрине, технологияны ойыншылардың және басқа да өнімдердің зияткерлік құқықтарын қорғауға көмектесетіндей етіп қолдануға болады.
Ойын индустриясында блокчейн технологиясын қолданудың ықтимал нұсқаларының бірі - жүктеп алынатын қосымшалармен жұмыс істеу. Бірақ әзірлеушілер бұнымен тоқтайтын емес.
«Біз алға қарай ұмтыламыз. Себебі блокчейннің көмегімен әлдеқайда қызықты, әрі жаһандық нәрселерді жасауға болатынын сеземіз», - дейді Саурер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024