Ұлттық банк төрағасы ақша жинамайды

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ақша жинамайды. Бұл туралы ол Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Менің ақша жинауыма қатысты. Бұл сұрақ қызықты деп ойламаймын. Мен ақша жинамаймын, жалақымды теңгемен аламын, теңгемен жұмсаймын»,- деді Д.Ақышев.

Осыған дейін басқа банкирлер де қаражаттарының қалай көбейетіні туралы бөліскен. Қараша айында Ұлттық банктің экс-басшысы Қайрат Келімбетов ұлттық валютаға сенетінін айтқан еді. «Ұлттық банк төрағасы ақшасын теңгемен жинауы қажет. Менде өз ақшамды теңгемен сақтаймын»,- деді ол.

Қараша айының ортасында  Kaspi bank төрағасы Михаил Ломтадзе, Ұлттық банк жұмыс топтарында кездескен банк жетекшілерінің бірде-бірі өз қаражатын теңгелік депозитпен сақтамайтынын айтқан болатын.

«Ұлттық банктегі кезекті бір отырыста барлық банк төрағаларынан кім депозитін теңгемен жинайды деп сұраған едім, теріс жауапты алдым. Осыдан кейін банкирлерден егер осында Ұлттық банкте отырғандардың ешқайсысында теңгемен депозиті болмаса, клиенттерімізге қалай теңгелік депозит ұсынамыз деп сұрадым» — деді М. Ломтадзе.

Өткен жылдың наурыз айында Халық банк басшысы Үміт Шаяхметова 2014 жылғы ақпанда болған девальвациядан кейін ақшасын ұлттық валютамен сақтайтынын айтқан еді. «Мен ақпан айында өзімнің қомақты көлемдегі теңгелік депозиттегі жинағымды жоғалтып алдым, енді мен ақшамды ұлттық валютамен жинаймын»,- деді ол.

Фото: kapital.kz