Әлемдік уран нарығының 40 пайызы Қазақстанға тиесілі

562
Фото: youtube.com

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – Қазақстан 2016 жылы 24 мың тоннадан астам уран өндірмек. Халыққа есеп беру кездесуінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«2015 жылы уран өндіру 23 мың 805 тоннаға жетті. Ал 2016 жылдың 4 айында уран өндіру көлемі 8,1 мың тоннадан асты. 2016 жылы 24 080 тонна уран өндіру жоспарланып жатыр», — деді Қ. Бозымбаев. Энергетика министрі, сонымен қатар, Қазақстан әлемдік уран нарығының 40 пайызын иемденіп, көш бастап тұр. Басқа елдермен салыстырғанда, біздің нарықта тұрақтылық пен өсу байқалатынын айтып өтті.

Қанат Бозымбаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының аз шығын алып келетін өнеркәсіп құру жөнінде канадалық «Камеко» компаниясымен «Инкайды» қайта құру туралы келісімге қол қойылған мәлімдеді. Аталған құжат аясында компаниялар алдағы 30 жылда бірлескен жобаларда серіктес болмақ. Сонымен бірге, бұл серіктестік жер қойнауын пайдалануға рұқсат береді, әрі «Қазатомөнеркәсіптің» «Инкайдағы» үлесін 40-тан 60 пайызға арттырады.