Visa төрт ресейлік банкпен бірге телефон нөмірі арқылы ақша аударымын іске қосады

Visa
Фото: plusworld.ru

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Visa Ресейде телефон нөмірі арқылы картадан картаға аудару сервисін іске қосады. Бұл туралы Visa, Банк ВТБ, «Русский стандарт», «Тинькофф банк» және «Хоум кредит» банктері растады, деп хабарлайды «Ведомости».

Ресейлік БАҚ-ның хабарлауынша жүйеге тек Visa карталарын ғана емес, басқа да төлем жүйелерін байланыстыруға болады.

«Visa-дан телефон нөмірі бойынша ақша аудару жүйесі Ресейде алғаш рет іске қосылған жоқ», — деп жазады Ведомости. 2018 жылдың сәуірінде ол Mastercard-та, шілдеде — Сбербанк пен Tinkoff Bank-да пайда болған. Сондай-ақ, Ресейдің Орталық банкі де 2019 жылдың қаңтарында іске қосылуы тиіс жылдам төлем жүйесін тесттен өткізуде.

Айта кетейік, телефон нөмірі арқылы ақша аударымын қазақстандық Kaspi клиенттері биыл іске қосты. Kaspi.kz қосымшасы арқылы картадан картаға, телефон нөмірі арқылы картаға және QR код көмегімен комиссиясыз, бірден аударым жасауға болады.