ЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Вице-министр: Біз әрбір шетелдік компанияға қолдау көрсетуге дайынбыз

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz – Кореядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен өткен «Инвестиция апталығы» Қазақстан-Корея бизнес-форумын өткізумен аяқталды, оның аясында Оңтүстік Кореяның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Форумға қазақстандық бизнестің 50-ге жуық өкілі және Кореяның 200-ден астам бизнес-компаниялары қатысты. Сондай-ақ, шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

«Бүгінде Қазақстан шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің ұзақ мерзімді кірістілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды шаралар кешенін ұсынуда. Біз әрбір шетелдік компанияға қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді форумның ашылу салтанатында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов.

Өз кезегінде Кореяның сауда-өнеркәсіптік палатасы төрағасының орынбасары Юн Донг Ким «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында екі ел арасында ынтымақтастықтың орнағанын айтты.

«Бұл форум Қазақстанның Орталық Азияда инвестициялар тартудан көшбасшы екенін ескере отырып, бірлескен жобаларды талқылаудың жақсы мүмкіндігі. Ынтымақтастығымызды нығайтатын уақыт келді деп есептейміз», — деді Юн Донг Ким.

Айта кетейік, 2005 жылдан бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 4,66 долларды млрд құрады, ал 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артып, 1,7 долларжы млрд құрады.

 

Tags

Осы айдарда

Close