«ВКонтакте» әлеуметтік желісі «Дети-404» парақшасын жапты

553

 «ВКонтакте» сайты ЛГБТ-жасөспірімдер тобының көмегімен құрылған парақшаны бұғаулады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Бұдан бұрын, Роскомнадзор тыйым салынған ақпараттарды жариялаған деп бес топтың атын атаған еді. Олардың ішінде «Дети-404» парақшасы бар.

Әлеуметтік желінің баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин өзінің парақшасында «ВКонтакте» тобы аталған парақша сайтқа кері әсерін тигізгендіктен тосқауыл қойға шешім шығарғандарын мәлімдеді.   «Өкінішке орай, заңгерлермен болған талқылауда топты ашық қалдыруға еш негіз таппадық. Егер ескерту орындалмаса «ВКонтакте» желісі толық жабылатын еді. «Дети-404» тобы Ресей Федерациясының «ВКонтакте» желісінен толықтай өшірілді» — деді Лобушкин. Алайда аталған парақша басқа елдерде қолжетімді. Оның ішінде Қазақстанда бар.

«Дети-404» тобы 2013 жылы құрылған. ЛГБТ-жасөспірімдер тобында әркім өзінің оқиғаларымен бөліседі. Сондай-ақ, олар өздеріне психологиялық және құқықтық кеңес ала алады. Ал 2015 жылдың қаңтар айында Барнаулдың орталық аймақтық соты «топ жасөспірімдер арасында сексуалдық қарым-қатынасты насихаттады» деген ақпарат  мәлімдеген болатын. Айта кетейік, Ресейде дәстүрлі емес жыныс өкілдерін насихаттауға тыйым салынған заң 2013 жылдан бері күшіне енген.