Volvo 2019 жылы электр жүк машиналарын сатуды бастайды

сатуды
Фото: Hi-News.ru

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Шведтік автокөлік өндіруші Volvo компаниясы осы жылдың аяғына дейін электрлі жүк көлігін шығарып, 2019-да сатуды бастайды, деп хабарлайды Electrek.

Volvo электромобильді көліктерді өндіруге толығымен көшуді жоспарлап отыр. Дегенмен, компания электрлі машиналарды сатылымға шығармас бұрын алдын-ала тұтынушылардың қалауына қанағаттандыру үшін, үлкен ставкалар жариялайды. Осындай әдіс нарық бұған дайын ба немесе қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Компания 2018 жылдың соңына дейін, яғни 2019 жылы электрлік автобустар мен гибридтік жүк көліктерін нарыққа шығарады. Айта кетерлігі, Volvo автокомпаниясы мұндай машиналарды шығару аса қиынға соқпайтынын және бір жыл ішінде жасап шығаруға толық қауқарлы екенін білдірді.

Ең бірінші жасап шығаратын жүк машиналары қалалы жерге арнап жасалған. Сондықтан олардың жүктемесі 4-5 тоннадан аспайды. Ал, болашақта Volvo ірі жүк көліктерін шығаруды көздейді.

Электрлі автомобильдері нарыққа ешқандай кедергісіз шығару үшін, Volvo бензин желілері, энергетикалық компаниялар және билік өкілдерімен, тығыз байланыс орнатып жатыр.

Рүстем Пердебек