Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Криптография саласының неміс мамандары WhatsApp-та адамдардың жеке чатына кіруге болатын арнайы тәсіл ойлап тапты. Бұл туралы The Wired хабарлайды.
Жасалған зерттеу, қосымшаны пайлаланатын кез келген адам, әкімшіліктің рұқсатынсыз, басқа адамдардың жеке чаттарын көре алатынын көрсетті. Жаңа юзер енгеннен кейін, оған кейін келіп түсетін хабарламаларды оқуына мүмкіндік туады.
WhatsApp end-to-end шифрлау қағидасын қолданады. Онда қолданушылардың хат алмасуы, сондай-ақ жеке чаттардағы басқа да қатынасушылардың хаттары серверде емес, құрылғыларында сақтаулы. The Wired мұндай қолжетімділікке тек компания қызметкерлері, билік және тәжірибелі хакерлер ие бола алатынын айтады.
Facebook-тің қауіпсіздік қызметі басшысы (WhatsApp-қа ие) өзінің Twitter-інде чат қатысушылары жаңа мүшелердің енгені туралы хабар алады және бұл жағдайда әңгімені жалғастыру, жалғастырмау шешімін өздері қабылдайды деген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024