Windows 10-ның іздестіру жүйесі Яндекс болады

Internet Explorer мен Microsoft Edge браузерлерінің негізгі беті мен іздестіру жүйелері Яндекс болады.  Ресейлік компаниямен осындай келіссөз жүргізілді деп хабарлайды Microsoft компаниясы.

Жаңа өзгеріс Windows 10 жүйесімен жұмыс істейтін барлық құрылғыларда орнатылады. Келісім Ресей, Беларусь, Қазақстан, Украина, Түркия және басқа да елдердің Windows 10 қолданушыларына негізгі іздеу жүйесі ретінде  Яндексті қолдануды ұсынады.  Қазір Яндекстің арнайы парақшасынан Windows 10 жүйесін жүктеп және қондырып алу мүмкіншіліктері қарастырылып жатыр.

Іздеу қызметі арқылы тауарларға тапсырып беру, такси шақыру, музыка тыңдау және навигацияға байланысты қызметтерді пайдалануға болады.

Еске салайық, Windows 7 мен Windows 8 операциялық жүйесінің лицензиялық нұсқасын қолданғандардың барлығына Windows 10 тегін ұсынылады.  Олар операциялық жүйелерін 1 жыл ішінде жаңалап үлгерулері қажет.