World of Tanks-тың директоры саяси партия құрмақ

36
Фото: ryb.ru

Wargaming.net компаниясының World of Tanks өніміне жауапты директоры Вячеслав Макаров «Тікелей демократия партиясын» құратынын хабарлады, деп жазады Коммерсантъ.

Партияның ерекшелігі – Blockchain негізіндегі ұялы қосымша болмақ. Макаров оны жасауға $1 млн салуды көздеп отыр.

Партияға бастапқы кезде өңірлердегі ІТ компаниялардың өкілдерін шақырмақ. Ұйымдастыру комитетіне Еуразиялық коммуникациялық орталық директоры Алексей Пилько, «Яндекс.Деньги» заң қызметі бастығының орынбасары Борис Чигидин, Unwired Devices директоры Олег Артамонов, GR-Consulting S.r.l иесі Тимофей Шевяков кіреді.

Партия құрылған соң Макаров 2020 жылы аймақтық сайлауларға қатысып, кейін кандидаттарын Мемлекеттік думаға ұсынбақ.

Алайда 2020 жылғы сайлауларға қатысып үлгермеуі мүмкін. Өйткені федералдық тіркеуден өтіп, 43 аймақта бөлімшесін ашып үлгеруі керек.