Ұялы телефонға арналған үздік қазақстандық бағдарламалар

үздік қазақстандық бағдарламалар
Фото: yaros.kg

Жақында «Қазақтелеком» компаниясының қызметкерлері ұялы телефонға арналған отандық бағдарламаларды зерттеп, ең қызық, пайдалы әрі ыңғайлы 5 бағдарламаның тізімін құрған болатын. Сол ақпаратты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

үздік қазақстандық бағдарламалар

 

үздік қазақстандық бағдарламалар
Фото: akib.kz

Pit-Stop. Көлік жүргізушілерге арналған жеке жолсерік. Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыратындар үшін де өте пайдалы. Біліміңді тексеретін арнайы тест, жол жүруге қатысты видеолар да бар. Бағдарламада ЖЖЕ туралы барлық анықтамалық ақпарат, сенім телефондары және заңгер кеңесі туралы мәліметтер көрсетілген. Pit-Stop бағдарламасын көшіргендер саны 100 мыңға жетеді. Ал қолданушылардың қойған бағасы — 5-тің 4,5-і.

үздік қазақстандық бағдарламалар

үздік қазақстандық бағдарламалар
Фото: akib.kz

Sozdik. Орыс тілінен қазақ тіліне немесе қазақ тілінен орыс тіліне онлайн аударма жасайтын бағдарлама. 270 мыңға жететін мақаласы және 450 мыңнан асатын мысалы бар. Бағдарламаны 100 мыңнан аса адам көшірген. Берілген бағасы – 5-тің 4,4-і.

үздік қазақстандық бағдарламалар

үздік қазақстандық бағдарламалар
Фото: inform.kz

Zheti Ata бағдарламасы. Өзіңіздің тегіңіз туралы шежірені жазып, оны сақтауға жәрдем етеді. Кез келген адам өзінің жүзі, руы туралы ақпаратты енгізіп, тарихы туралы мағлұматты оқи алады. Туыстарымен сөйлесу қызметі де көрсетіледі. Бағдарлама 50 мыңдай адаммен көшірілген. Қолданушылардың берген бағасы – 5-тің 4,7-сі.

үздік қазақстандық бағдарламаларKaz-news. Қазақстандық танымал сайттардан алынған маңызды жаңалықтар. Осы бағдарлама арқылы эфирге шыққан, газетке немесе сайттарда жарияланған соңғы шыққан жаңалықтардың барлығынан хабардар боласыз. Қазақ және орыс тілінде ақпарат беріледі. 100 мыңнан аса адам көшірген. Қолданушылардың берген бағасы — 5-тің 4,3-і.

үздік қазақстандық бағдарламалар

үздік қазақстандық бағдарламалар
Фото: akib.kz

infoBus. Қоғамдық көліктерге жиі мінетіндер үшін таптырмас көмекші. Онлайн жүйеде автобус қозғалысының уақытын білуге болады. Көшелерді дұрыс білмеген кезде өзіңізге қажетті маршрутты біліп, баратын жеріңізге дейінгі жолды бақылап отырасыз. Қазіргі уақытта бағдарламаның қызметі Астана, Қарағанды, Ақтау, Көкшетау, Петропавл, Семей, Орал, Щучинск қалаларында қолжетімді. 500 мыңдай адам көшіріп, 5-тің 4,1-і деген баға беріпті.

Бағдарламалар Google Play Marker арқылы қолжетімді. Тек Zheti Ata App Store-мен көшіріледі.