Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық жүйе (курстық жұмыс)

854
кітапхана

Қазіргі кезде АЖ-сіз көптеген қаржы, өндірістік, сауда ұйымдарында жұмыс істеу мүмкін емес. АЖ-сіз біз ақпараттық тасқыннан тұншығып қалуымыз мүмкін еді. АЖ-ы ақпараттарды құруға, сақтауға, қолданушы үшін оптимальді образ болып қалады. Көптеген әр түрлі өнімдердің ішінен, соның ішінде Delphi негізгі орын алады. Delphi-ге әр түрлі профессионалды ынталары бар, әдеттері, әр түрлі стажы бар өңдеушілер өздерінің көңілдерін аударады.

Delphi ортасын дайын жобаның әр түрлі бөлімінің құрастыруға жауап беретін арнайы программалар жиынтығы кіретін интегралданған жобалау қабықшасы ретінде қарастыруға болады.

Delphi тіліндегі ішкі программалар екі топтан тұрады:процедура, функция. Ішкі программа – арнайы түрде құрастырылған тілдік командалардан және операторлардан тұратын арнайы кішігірім программа. Ішкі программа шақырған кезде, оның аты, параметрлері, мәні көрсетіледі.

Менің жұмысымның мақсаты білімге бөлінетін қаржы жұмысын автоматтандыру. Автоматтандыру әр түрлі ұйымдарда жұмыстарды оңтайландыру үшін Delphi программалар тілін қолданамыз.

1.1 Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік                 жабдықтардың жалпы экономикалық сипаттамасы және басқару  жүйесі

Ашылған жаңа институттардың қалыптасуы мен дамуы қиын жағдайда жүрді – ғимараттар мен оқу-лаборатория жабдықтары, білікті оқытушылар жетіспеді. Алайда одақтық үкіметтен бастап жергілікті басшыларға дейін бәріде қолдан келген көрсетіп бақты: қажетті жабдықтар алынып, тұрғын үйлер мен жатақханалар салына бастады, институт ұжымы оқушылар, әсіресе қазақ жастарын іздестіріп, оларды қысқа мерзімді курстарда оқытумен айналысты. Ал Ресей мен Украинада шақырылған профессор-оқытушы құрамды жасақтау, сондай-ақ жақсы даярлықтан өткен жергілікті мамандардың есебінен жүргізілді.

Жоғары және арнаулы орта білім саласын одан әрі дамыту, оқу орындарының ғылыми-педагогикалық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіптік кешені үшін мамандар ждаярлау сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы сәуіріндегі қаулысы бойынша екі институт пен 3 колледждің базасында Қазақ мемлекеттік университеті құрылды.

Университет ұйымдасқан кезде 11 факультеті мен 85 кафедрасы бар болатын, онда 9567 студент оқып, 1015 профессоорлар мен оқытушылар қызымет істейтін, олардың 65 ғылым докторы, 301 ғылым кандидаты.

Жағадан ұйымдастырылған университетке Үкімет қаулысымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 3 басыңқы міндет анықталды:

  • еңбек рыногының қажеттіліктеріне бағдарланған, университеттік деңгейдегі білімі бар жоғары білікті мамандар даярлауды түпкілікті мақсат ете отырып, оқу орнының бүкіл оқу ұйымдық қызыметін біртіндеп қайта құру және қайта бағдарлау;
  • университеттің жұмысын нарық жағдайларына барынша сәйкестендіру мақсатында, оны басқару ұстау және оның бөлімшелерінің қызыметін құрылымдық қайта құру;
  • тұрақты тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, білімнің деңгейі мен мазмұныны жалпы әлемдік қалыптарға көшіру мақсатында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту.

Осы басыңқы міндеттерді шешу және университетті дамыту бағдарламасын іс жүзіне асыру жолында өткен үш жарым жылдың ішінде ұжым елеулі жұмыстар атқарды.

Университетте ауыл шаруашылық биотехнологиясы, агроэкология, аграрлық құқық, халықаралық экономикалық қатынас, ауыл шаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау, табиғат пайдалану экономикасы секілді бірқатар жаңа мамандықтар ашылды.

Солардың ішінде «Фермерлік іс» және «Агроменеджмент» жаңа мамандықтарына айрықша тоқталған жөн. Ауылда жекешелендіру өткізілгеннен кейін еліміздің ұзақ мерзімді аграрлық саясаты негізінен фермерлік шаруашылыққа жүргізудің басым формасы ретінде соған сәйкес субъектілерге бағдарланған. Бұл мамандықты бітірген түлектер биологиялық циклдағы іргелі пәндер бойынша, егіншілік циклдағы арнайы пәндер бойынша жақсы даярлықтан өтіп, сондай-ақ механикаландыру технологиялары мен техникасы, есеп, экономика және менеджмент мәселелері бойынша жеткілікті әзірлікті меңгерген. Біздің пікірімізше, мұндай маман кез келген ауыл шаруашылық өндірісін дербес жүргізу үшін әзірленіп, қатардағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге техникалық-экономикалық және технологиялық көмек көрсете білуі керек.

1996жылғы қазанда университеттің жанынан Фермерлердің жоғары мектебі ашылды, ол фермерлік, шаруа қожалықтарының, басқа да ауыл шаруашылық құрылымдардың, ауылдық және аудандық әкімдіктердің жетекшілеріне шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, өндірістің осы заманға технологиялары, егіншілік және мал шаруашылық өнімдерін сақтау мен өңдеу, жемшөп әзірлеу мен пайдалану, электрмен жабдықтау, малдәрігерлік ісін ұйымдастыру, фермерлік шаруашылыққа қажетті машиналар жүйелері, менеджмент пен маркетинг, салықтың құқықтық ережелері, кредиттеу, сақтандыру және бизнес жоспарлар жасау бойынша қажетті білім көлемін береді.

1998 жылғы қыркүйекте ауылдағы реформаны кадрлық қамтамасыз етуге және ауылдағы тауар өндірушілерге жәрдемдесу мақсатында «Агробизнес» консалтингтік орталығы ашылды. Сол секілді лизинг және лизингтік бизнес білімін кеңінен тарату мақсатында 1999жылғы наурызда «Лизинг» орталығы іске кірісті. Екі орталық та біздің ғалымдарымыз шетелдік жобалар бойынша ұтып алған гранттар негізінде құрылды.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту университетте оны өркендетудің басым бір міндеті ретінде қарастырылады. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары шет елдердің аграрлық университеттерімен, ғылыми орталықтарымен және жекелеген ғалымдармен тығыз шығармашылық байланыстар орнату, шетелдік инвестициялар, гранттар және демеушілік көмектер тарту мақсатымен бірлескен жобаларды талдап жасау, университеттеріміздің халықаралық ғылыми және білім кеңістігіне шығуын қамтамасыз ету, валютасыз негізде студенттер, аспиранттар мен оқушылар алмасу, шетел тілдерін оқытуды, шетелдік азаматтарға білім беруді ұйымдастыру болып табылды. Қазірдің өзінде осынау жұмыста үлгерушілік байқалады. Қазіргі кезде Германияның, Ұлыбританияның, Израильдің, Нидерландтың, Қытайдың, Монғолияның, АҚШ-тың, Ресейдің, Беларусь Республикасының және Қырғызстанның  оқу орындарымен ынтымақтастық жолға қойылған.

Университет бүгін де ірі ғылыми және көрнекті ғалымдар шоғырымен танымал. Олардың жетістіктері мен қызмет нәтижелерін ауыл шаруашылық дақылдары мен сурек діннің 37 сорты, гибриді және формалары, малдардың 12 жаңа тұқым мен тұрпаттары, 30 вакцина т.с.с. арналған кітап пен монографиялар кіреді.

Адам қызметінде, соның ішінде білім беру қызметінде жетілдіру процесі шын мәнінде шексіз. Бойына тамаша дәстүрлі мен 70 жылдық ұлан асырылған шежіре жинақтаған Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ұжымы өзінің құрылуы негіз болған екі ірі ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының ізгі істер лайықты жалғастырумен қатар, олардың жетістіктерін еселей түсуде.  Бүгінгі күні білім беру саласын реформалаудың тиісті заңдық базасы жасалды. «Білім туралы» заң, соған сәйкес Үкімет қаулылары, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы қабылданды. Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік стандарттары әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы мен жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер дайындаудың және баспадан шығарудың мақсатты жоспары кезең- кезеңмен жүзеге асуда. Ғылыми- техникалық және инновациялық қызметтің тиісті нормативтік-құқықтық негізін қалыптастыру аса маңызды екені белгілі. Ол ғылымды өндірістік күшке айналдыру үшін кеңістік құруға мүмкіндік береді. Соған орай, «Ғылым туралы» жаңа заңды Республика Парламенті Мәжілісінің депутаттары мақұлдап, Сенатқа жіберді. «Инновациялық қызмет туралы» заң жобасы дайын. Ендігі міндет нарық талабына сай ғылыми-техникалық саланы жүйелі реформалау, білім беру ісін халықаралық деңгейге көтеріп, сапасын арттыру болып тұр. Бұған қоса оқушылардың шамадан тыс жүктемесін азайту мақсатында 12 жылдық білім алуға көшу, Ел басы міндеттеген мектептерді компьютерлендіруді аяқтап, оқу процесін ақпараттандыруды одан әрі дамыту мәселесі қолға алынды. Және жоғары оқу орындары студенттерінің құқығын қалыптастыру моделін одан әрі жетілдіру, мектеп оқушыларының білім деңгейін жетілдіру ниетінде орта мектепті бітіру мен республиканың жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын бірге жүргізу керек.

Еліміз 1997 жылы Лиссабон конвенциясына қол қойған мәлім. Ол бойынша біріншіден, жоғары білім туралы құжатты екі жақты мақұлдау болса, екіншіден, орта білім беретін мектептерде 12 жылдық мерзімге көшіру. Мұны өркениет жолына түскен елдер, АҚШ, Швеция,Франция, Жапония жүзеге асырған. Тіпті, балалары 13 жыл оқитын елдерде бар. 12 жылдыққа бірден көшпейді. Бұған дайындық біраз уақытқа созылатын шығар.12 сыныптын ішіне дайындық, сыныптары, яғни нөлдік сыныптарда кіреді. Қазір дайындық сыныптар барлық мектептерде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл мәселеге  алып қашты әңгімелерге бой алдырмай түсіністікпен қараған жөн. Осы 12 жылдықтың бір пайдасы 9 сыныпты бітіргендердің озықтары лицейде оқып, жоғары оқу орындарына әзірленеді. Кейбіреулері колледждерге түсуге мүмкіндік алады. Оны үздік аяқтағандар жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылданады. Жұмыс істеуге ұмтылғандар кәсіптік мектепке барады. Олардың  да  арасынан білімге құлшынғандар шықса, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік жасалады. Ел басынын тапсырмаларын орындау жөнінде іс-шаралар жан- жақты жүргізілуде. Білім берумен бірге өнеркәсіпке ғылыми жобаларды, бірінші кезекте мұнай- химия, мұнай-газ, химия, тау-кен металлургия өндірістерін, машина жасау, металл өндеу салаларымен ұштастырып жүргізу, энергетиканы, инфрақұрылымды, транспортты, байланысты дамыту алға шығып отыр. Мемлекеттік маңызы бар бұл стратегиялық бағыттарды орындауда ғалымдардың қосар үлесі аз емес. Жақында біз дәл осы басым бағыттар бойынша ғылыми-техникалық жобалар конкурсына тапсырыстар қабылдадық. Ғылыми мекемелерден, жоғары оқу орындарынан, жекелеген ғалымдардан барлығы 600-дан астам тапсырыс түсті. Мұның аса маңызды жобалар мен жұмыстарды таңдап алуға мол мүмкіндік берері сөзсіз. Біз іргелі зерттеулер бағдарламаларын орындау саласының мониторингін жүзеге асыруды қалыптастыру үстіндеміз. Іргелі зерттеулер бойынша арнайы комиссия құрылды. Олардың ұсынымдарын қаржыландыру қолға алынды. Оған мысал, 2001жылға арналған бюджеттен іргелі және қолданбалы зерттеулерге 1865,5 миллион теңге артық бөлініп отыр. Соның 24 пайызы бірінші тоқсанға тиесілі.

Оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының күш-жігерін біріктіру  — тек қана  механикалық біріктіру емес, бұл ғылымнан білім алу қағидасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Елбасы аталмыш құрылтайда бүкіл білім беру жүйесін реформалаудың белсенді күрескері ұстаздар қауымы, деп атап айтты. Бұл үлкен сенім, үлкен баға десек, артық айтқандық бола қоймас. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналар барлық іс шаралар, әсіресе, ауылдарда ұстаздар қауымының жетекшілігімен немесе қатысуымен өтеді. Ендеше, мұғалім беделі төмен деген сөзбен келісе беруге болмайтын секілді.

2001 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бюджеттік мекемелер қызыметкерлерінің ең төменгі жалақысы 2680 теңгеден 3484 теңгеге көтерілді. Алайда, жаңа «Еңбек туралы» заңға сәйкес аймақтық коэффициенттердің жоюлуына орай мұғалімдердің ең төменгі айлығы әр  аймақта әртүрлі. Мәселен, 15 пайыз коэффициент төленіп келген аймақтарда ең төменгі жалақы 2,8, ал коэффициент төленбейтін аймақта 17-18 пайызға өсті. Мұғалімдердің жалақысын алдағы уақытта өсіру мәселесін Елбасының тапсырмасына орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қарастырудамыз.

Оқулық туралы барлық бастауыш сыныптар жаңа буын оқулықтары бойынша білім алуда. 5-9 сыныптарға арналған оқулықтар 77 тірек мектептерінде сынақтан өтуде. Бұл оқулықтар да біртіндеп оқытыла бастайды. Ал 10-11 сыныптар үшін оқулықтар жазылу үстінде. Оқулықтардың сапасы жайлы әр алуан пікірлерден хабардармыз. Болашақта ол ескеріледі. Сынақ оқулықтарын көп талқысына ұсынуда соның бір оңды көрінісі.

2000-2005 жж. еліміздегі білім және ғылым объектілерін жекешелендіру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 555 қаулысымен мақұлдаған. Онда жекешелендірудің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Тұжырымдаманы орындау кезеңдері белгіленген. Іргелі зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдар жекешелендіруге жатпайды. 2000-2001 жж. 11 жоғары оқу орны жекешелендіруге тиісті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына байланысты мектептерге жалпы ғылыми-әдістемелік басшылықты, олардың ведомстоволық бағыныштылығына және меншік нысандарына қарамастан, министрлік жүзеге асырады. Аталған заңда әр атқарушы органының құзыреті анық айқындалған. Министрліктің ең басты құзыреті білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, бюджет және қаржы тәртібінің ел заңдарына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасайды.

Білім беру саласында бүгінгі жүргізіліп отырған реформалардың нәтижелі болуы, білім деңгейінің әлемдік стандарттарына сай келуі ең алдымен білгір де білікті ұстаздар қызметіне тікелей байланысты. Орыс, аралас тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мұғалімдерінің сапалық құрамы талапқа сай келмейтіні рас. Бұл мәселе министрліктің бақылауына алынып, оны жақсарту жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Базистік оқу жоспарларына қазақ тілін оқытуға қатысты өзгерістер енгізілді. Осы таяу күндерде ғана әлемге  кеңінен тараған TOEFL үлгісінде қазақ тілінен білім тексеру тесттерінің жүйесін жасау жөнінде шешім қабылданып, бұйрық шығарылды. Ең үлкен проблема – кадр мәселесі. Алғашқы жылдары кадр мүлдем тапшы болғадықтан облыстық, қалалық білім басқармалары оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында маман емес көптеген адамдарды мұғалімдікке қабылдаған. Тіпті,  арнайы білімі жоқ адамдар қазақ тілін біледі деген желеумен жұмысқа тартылған. Қазір маман емес мұғалімдерді білікті кадрмен алмастыру жөнінде тиісті орындарға тапсырмалар беріліп, арнаулы мамандығы жоқ қазақ тілі мұғалімдерін қайта даярлау қолға алынды. Елордадағы маман емес қазақ тілі мұғалімдері 68,9-дан 40 пайызға төмендеді. Мұндай мұғалімдер республика бойынша Елорда мектептерінде көп болып отыр. Облыстық, калалық білім басқармаларына қазақ тілі мұғалімдерінің аттестациясын өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. әрине, ол аттестация министрлік бекіткен ережеге сай жүргізілуі керек.

Білім сапасына көңіл толмаудан болашақта ел тұтқасын ұстайтын ұрпақ тағдырына алаңдаудан, заң талабына салқы қараудан, заңдылықты сақтамаудан туындаған нәрсе. Ресейлік жоғарғы оқу орындары біздің елімізден 63 филиал ашты. Мұндай нәрсе өзімізде де аз емес. Егер мемлекеттік аккредитация туралы бап заңға енсе, онда сол аккредитациядан өткен оқу орындары қалады да, өтпегендері өзінен өзі жабылады. Жалпы, мемлекет болған жерде, қай сала болмасын бір жүйеге тоқтау керек. Бұл ұрпақ тағдырына тікелей қатысты, білімге аса қажет. «Біздің заманымыз — өткен заманның баласы, келер заманның атасы» (А.Байтұрсынұлы) дегендей, біздің алдымызға қойып отырған заман талабы ертеңгі ел болашағы, бүгінгі аға ұрпақтың  ісін ілгері жалғайтын білімді де білікті ұрпақты қалыптастыру болып тұр. Осыны түсініп, соған сай жұмыс жасау әр адамның парызы.

1.2 ҚР Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетің бюджеттік бағдарламалар жоспары мен мақсаты

 Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер  мемлекеттік мекемелер өз  құзыреті  шегінде жүзеге асыратын және  қолданылып жүрген заң актілеріне  сәйкес бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерге атқаруға баңытталған іс әрекеттер.

Бюджетті  атқару  жөніндегі  қаржылық  рәсімдер  сол сияқты  бюджет жүйесі туралы  заңға  сәйкес алдағы қаржы жылыны бірінші тоқсанына  арналған  республикалық қаржы  жоспарының және тисті  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанына арналған жергілікті бюджет  қаржыландыру  жиынтық жоспарының   атқарылуына қолданылады.

Қазқстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оны аумақтық бөлімшелерінің бюджеттің атқарылу  прцесіндегі іс- әрекеттер, сондай — ақ   мемлекеттік  мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізү және республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарылуы  жөнінде есептілікті жасау  тәртібі Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен анықталады.

Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі:

  • кірістердің, алынған ресми трансферттердің көлемдерін,республикалық бюджеттен берілген несиелердің қайтарылуын, бюджеттің шығындарын,несиелері мен тапшылығын республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды;
  • функционалдық топтар, ішкі функциялар, республикалық бюджеттік бағдарламалар, бағдарламалар және кіші бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджеттің шекті шығыстарының тізбесін;
  • республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар, дамытудың бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін;
  • республикалық инвестициялық жобалардың тізбесін;

мемлекеттік мекемелерге республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі тапсырмаларды қамтиды.

Бюджетті атқару үшін қаржыландырудың мынадай түрлері жасалады:

  • мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жоспарлары;
  • бюджеттік бағдарламалар әкімшелерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары;
  • қаржыландырудың жиынтық жоспары.

Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары және мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша бюджетті атқару жөніндегі мемлекеттік мекеменің негізгі құжаттары болып табылады.

Мемлекеттік мекеме міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын:

республикалық немесе жергілікті бюджеттерді бекіту немесе нақтылау кезінде болған өзгерістерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде ұсынылған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар есептемесінің, сондай ақ Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар актілерінің және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімнің;

бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламалары бойынша іс шараларды іске асыру мерзімдері, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды жүргізу, тауарларды берушілермен шарттар жасасу сияқты бюджеттік бағдарламалар паспорттарының көрсеткіштерін, сандық көрсеткіштерді ескере отырып;

бюджеттік бағдарламалардың нормативтік құқықтық негіздеріне сәйкес;

мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы маслихаттың шешімдерінде берілген тапсырмаларды іске асыруына байланысты нормативтік құқықтық актілерге сәйкес;

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес;

шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес әзірлейді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың актілерімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар бойынша сомаға сәйкес келуі тиіс. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары қаржыландырудың кешен жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін пайдаланады. Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшысы немесе оларға уәкілетті берген тұлға бекітеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы  болмаған жағдайда.Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері және төлемдері  бойынша қаржыландыру жоспарларын  оларқа осындай міндеттемелерді  жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес оның жауапты тұлғалары  бекітеді. Бюджеттің бағдарламалардың әкімшісі тисті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың бекітілген жоспарларын, оларға есептемелерді Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның  актілері қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қаржы министрлігіне және тиісті жергілікті үкіметті органға ұсынады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын  жасау дұрыстығы  үшін және олардың уағытылы берілмегені үшін жауап береді.

Қаржыландыру жиынтығы жоспарының мынадай құрылымы бар:

  • кірістер;
  • алынған ресми трансферттер;
  • несиелерді қайтару;
  • бастапқы қаржы жылына арналған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттің тапшылығын қаржыландыру көздері;
  • міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
  • шығындар;
  • несиелер;
  • үкіметтік борышты өтеу немесе жергілікті атқарушы огранның борышын өтеу.

Міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша мынадай тәртіппен қалыптасады:

1.міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары Қаржы министрлігіне және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған міндеттемелері  мен төлемдері бойынша бекітілген тиіс қаржыландыру жоспарының соммасы болып табылады;

2.бюджеттік  бағдарламалардың, бағдарламалар  және кіші бағдарламалар әкімшілері бойынша міндеттемелері жіне төлемдері бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларының жылдық соммасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың актісімен бекітілген соммаға сійкес келеді;

3.жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берілетін ресми трансферттердің және несиелердің жылдық соммасын ай сайынғы болу мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінің ұсыныстары бойынша көзделеді;

4.жоғарғы тұрған бюджеттерден  төмен  тұрғандарға берілетін ресми трансферттердің соммасы және несиелерді қайтару жоғары тұрған бюджеттердің  түсімдері жөніндегі жиынтық жоспарындағы сияқты сондай көлемдерде және сол айларда төмен тұрған бюджуттурдің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру тиімді жоспарында ескеріледі;

5.бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтілетін көлемін ескере отырып, жыл басынан үдемелі өсу қортындысымен жыл бойынша және айлар бойынша теңдестірілуі тиіс.

1.3 Республикалық бюджет министірлігінің қызметі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ресми трансферттердің бекітілген соммасын, республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне берілетін бюджеттік несиелер сомасын, республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне бұрын берілген несиені қайтару сомасын ай сайын бөлуді тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қаржы министрлігіне береді. Жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті қаржыландыру жиынтық жоспарының бір данасын ол бекітілгеннен кейін екі жұп күні ішінде қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады. Жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспар қазынашылықтың аумақтық органдарына уақытылы беруге тиіс үәкілетті жергілікті органның абсшысы береді.

Қаржы министрлігі қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткеннен кейін Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының кірістерінің бірыңғай бюджеттік сыныптамасы кодтарының бөлінісінде республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жібереді.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер – мемлекеттік органдардың өз құзыретінің шегінде жүзеге асыратын және тиісті бюджеттердің кіріс және шығыс тізімдемесіне сәйкес бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруға бағытталған жүйелі іс-қимылы.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы олар бекітілген қаржылық жылдың 1 қаңтарында басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Мемлекеттік мекемелердің өздеріне ағымдағы қаржы жылына көзделген бюджеттік қаржыны жұмсауға құқығы өткен қаржы жылында қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бекітілген бюджеттік шығыстар бойынша, сондай-ақ есепті кезең ішінде жүргізілетін ресми трансферттерді бюджетке есепке алу бойынша қорытынды операцияларды қоспағанда, 31 желтоқсанда тоқтатылады. Есепті кезеңнің ұзақтығын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей аяқтау мерзімімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Республикалық бюджетті кассалық атқаруды және жергілікті бюджеттердің шоттарын жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен Қазынашылықтың аумақтық органдары жүзеге асырады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының тізімдемесі, тұтастай алғанда, жыл бойынша және әрбір ай бойынша тепе-теңестірілуі тиіс, яғни шығыстардың көлемі кірістерінің көлемімен тең болуы тиіс.

Республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің тізімдемесі бюджетке төленетін төлемдердің белгіленген мерзімдеріне сүйеніп, сондай-ақ алдағы жылдардағы кірістердің орташа айлық түсімдерінің қарқыны, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі мен бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныстардың деңгейін талдау, жасалған несиелік келісімдер мен заем туралы шарттардың талаптары ескеріле отырып жасалады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының жиынтық сметасы бюджеттен мемлекеттік мекемелерді ұстауға және нақты бюджеттік бағдарламаларды орындауға бөлінетін қаражаттың көлемін, мақсатты бағытталуын және айлар бойынша бөлінуін айқындайтын негізгі құжат болып табылады.

Шығыстардың жиынтық сметаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қаржы министрлігі бекітетін бюджеттің шығыстарын экономикалық жіктеу ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстардың экономикалық жіктелуі жөніндегі қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбәр бюджеттік бағдарлама үшін жеке жасайды және бекітеді.

Жергілікті қаржы органдары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді жергілікті атқарушы органдар бекіткеннен кейін, бірақ жоспарланған жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жергілікті өкілді органдардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерімен бекітілген жылдық сомаларды бөлудің айлық лимиттерін жолдайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарланған жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей тиісті жергілікті қаржы органдарына берілген айлық лимиттердің шегінде шығыстардың бекітілген жиынтық сметаларын ұсынады.

Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарының тізімдемесін жергілікті қаржы органының басшысы бекітеді.  Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары тізімдемесінің бір данасы Қазынашылықтың тиісті аумақтық органына ұсынылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрқайсысына жергілікті қаржы органы осы әкімшінің бюджеттік бағдарламалары бойынша тиісті бюджеттің шығыстарының тізімдемесін жолдайды. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы жоспарланған жылдың 15 ақпанынан  кешіктірмей Қаржы министрлігіне  облыс бюджетінің кірістері мен шығыстарының жиынтық тізімдемесін ұсынады.

Бюджеттерден қаражат тиісінше барлық деңгейлердегі республикалық және жергілікті бюджеттерінде көзделген шығыстарына ғана бөлінеді.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелік бойынша республикалық бюджеттің қаражатын жұмсауды қаржыландырудың ағымдағы қаржы айына арналған лимиттерінің көлемін ақшаның, секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың болжамды көлемін, сондай-ақ үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету сомаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаржыға деген айлық қажеттілігін ескере отырып, республикалық бюджет шығыстарының бекітілген тізімдемесі шегінде Қаржы министрлігі бекітеді.

Егер республикалық бюджетке ақшаның іс жүзіндегі түсуі болжамды көрсеткіштерден төмен болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі бойынша қаржыландыру лимиттерінің көлемдерін шығыстардың мынадай басымдылығын:

-үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды;

-атқарылмауы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің пайда болуына әкеп соқтыратын шығыстарды;

-қаржыландырылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асырылатын шығыстарды;

-басқа да шығыстарды ескере отырып Қаржы министрлігі белгілейді.

Ел экономикасының ырғақты дамуы мемлекет қазынасының қомақтануымен байқалып отырғаны белгілі. Алайда, қоржын тоқ екен деп, Үкімет тоқмейілсіп көрген жоқ. Ал, Парламент депутаттары болса, келер жылдың бюджет жобасын талқылау кезінде барынша көсілгілері келді. Осы жәйттер Парламент Палаталарының бірлескен отырысында айқын көрініс тапты. Әрине бүкіл еліміз жыл бойы өзіне бөлінген осы қаржы арқылы күн көретіндіктен, оның «жеті рет өлшеніп,бір рет келісілгені» дұрыс та секілді. Осы орайда келер жылдың бюджетін 13,5млрд. теңгеден 60млрд. теңгеге дейін көтеру деген кейбір депутаттардың артықтау сілтемесін де, оған тызылдай қарсы шыққан Үкімет командысының айтқан уәждерін де түсінуге болады. Себебі, депутаттар өздерін сайлаған халыққа қаржы бөлінуін, ал үкіметтегілер түсетін пайданы үнемдеуді мақсат тұтады. Оның үстіне бюджеттен жұмсалатын қаржыны табатын да Үкімет. Сондықтан да олар өздерінің шамалары жететін сомаларды айтады. Ал, егер ол қаржыны тауып алмаса, жыл аяғында «көресіні» ең алдымен осы депутаттардан көретінін сезеді.

Міне, осы себептен Үкімет «2003 – жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын жасауға тыңғылықты даярлықпен кірісті. Тіпті, бюджет әзірленіп жатқан кездері Премьер министр Иманғали Тасмағанбетов Астанадан ұзап шықпай, қарамағындағы атқару билік мүшелерімен отыз шақты рет келер жылдың басты құжатын пысықтаумен болды. Нәтижесінде, бір жарым ай бойы әбден сілкіленген бюджет жобасы тұңғыш рет кері қайтарылмай қабылданды. Бұл Үкімет мүшелерінің үлкен жеңісі еді. Оның үстіне 2000-жылдарға дейінгі бюджет жобалары «өмір сүру» мақсатын ғана көздесе, келер жылғы бюджет жобасы алғаш рет жасампаздық бағытын бетке алды.

Әрине, қолда бар ақшаны тиімді пайдаланудың пайдасы көп. Бірақ, ешкімді ренжітіп алмас үшін, яғни біреуге кем, екіншісіне артық кетіп қалмас үшін әрбір тиынды біртіндеп санап шығу қажет. Мысалы, өткен жылы студенттер стипендиясына бөлінген қаржының 300миллион теңгесі игерілмей қалыпты. Міне, осындай жағдай қайталанбас үшін келер жылдың бюджеті мұқият тәптіштелді. Соған қарамастан 25-26 қарашада өткен Үкімет пен Парламент палаталарының біріккен алғашқы жартысында «2030-жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бірінші оқылымнан — ақ қабылданды. Дегенмен де, депутаттар қабылданған бюджет кестесіне 270-тей өзгерістер енгізіп, келер жылғы бюджеттің кіріс бөлігін 10млрд. теңгеге ұлғайту жөнінде ұйғарым шығарды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікті 275млн теңгеге Астанаға көшіру, «Эйр Қазақстан» авиакомпаниясының 50% акциясын, «Эйр Астана»  авиакомпаниясының 10% акциясы мен құрал жабдықтарын сатып алу, жоғары оқу орындарының студенттеріне берілетін шәкіртақы мөлшерінің төмендетілуі де Парламент ғимаратының түңдігін желп желп еткізумен болды. Бірақ та, депутаттардың даурыққан дауыстарын Үкімет мүшелерінің дәйекті дәлелдері тыпыр еткізбей басып, өз ұсыныстарын қабылдатуларымен тынды. Келесі  жылдың  бюджетіне  түсетін түсімдер 621 млрд.555млн. 690мың  теңгеге (ЖІӨ — 15 пайызы), шығыс бөлігі 704,4 млрд. теңгеге көлемінде белгіленді. Демек, биылғы  бюджет 2002- жылғымен салыстырғанда 96 млрд,151 млн, 294мың теңгеге  өскен. Осының нәтижесінде,2003- жыл биылғы жылмен салыстырғанда  денсаулық сақтау саласына 38 пайыз, білім беру саласына – 33,6 пайыз, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласына — 5,9 пайыз артық қаржы бөлінді. Бұл – келер жылғы бюджеттің халық жағдайына айтарлықтай көңіл бөліп жатқанын байғатады. Ендеше, 2003- жылдың бюджетін Премьер – министр  И.Тасмағамбетов айтқандай, “әлеуметтік сенім бюджеті”-деп атауға әбден болады.

Қазақстан  Республикасының “Білім туралы” 1999 жылғы 7 маусымдағы және “2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы”2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.Қоса беріліп отырған:

а.республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

б.кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік  білім беру тапсырысы;

в.жоғары оқу орындарына және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

г.құпия;

бекітілсін.

2.Қазақстан Респуликасының Білім және  ғылым министрлігі республикалық бюджеттен қаражат алынытын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда кәсіптік жоғары білімді және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналып бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруды жүргісін.

3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді мамандар даярлауға 2004-2005оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Коды Кәсіптік орта білімді мамандар даярлау бағыттарының атауы Мемлекеттік білім беру тапсырысы
    Күндізгі оқыту Сырттай оқыту Оның ішінде қазақ тілінде оқыту
  Білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алуды бюджеттен төлеу арқылы      
  Мәдениет және өнер мамандықтары 280   160
0604002 Аспапта орындаушылық 65   30
0606002 Ән салу 15   10
0607002 Хорда дирижерлік ету 10   5
0608002 Музыка теориясы 10   5
0610002 Эстрада музыкалық өнері 30   15
0611002 Хореографиялық өнер 70   40
0612002 Актерлік өнер 10   5
0613002 Цирк өнері 10   10
0614002 Театр-сәндеу өнері 5   5
0616002 Мүсін 5   5
0617002 Кескіндеме 10   5
0619002 Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер 25   15
0640002 Дизайн 15   10
  Экономика мамандықтары 320   125
0703002 Қаржы 100   25
0714002 Салық ісі 100   50
0701002 Статистика 25    
0730002 Қазынашылық іс 95   50
  Техникалық мамандықтары 325   75
1804002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және іздеудің геофизикалық әдістері 25   25
1811002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, барлау және геологиялық түсіру 25  

 

1813002 Гидрогеология және инженерлік геология 50   25
1814002 Мұнай мен газ кен орындарының геологиясы және барлау 25    
1816002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау техникасы мен технологиясы 25    
3037002 Ішкі су жолдарында және жаға бойлай кеме жүргізу 25    
2708002 Кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету 25    
3201002 Қолданбалы геодезия 25    
3203002 Аэрофотогеодезия 25    
3204002 Картография 25   25
4437002 Орман және орман бақтары шаруашылығы 25    
4440002 Экология және табиғатты қорғау қызметі 25    
  Білім мамандықтары 146   73
0313002 Кәсіптік оқыту 50   25
0310002 Дене тәрбиесі 96   48
  Барлығы 1071   433
  Медициналық мамандықтар 300   200
0401002 Емдеу ісі 50   50
0402002 Акушерлік іс 50   25
0403002 Гигиена және эпидемиология 50   25
0405002 Ортопедиялық стоматология 25   25
0406002 Фармация 25    
0407002 Мейіркештік іс 50   50
0408002 Зерханалық диагностика 50   25
  Барлығы 1371   633
  Білім беру ұйымдарын бюджеттен қаржыландыру арқылы ұстау      
  ҚР Білім және ғылым министрлігі      
  Өнер мекемелерінің 2 сатысы 110   75
0604002 Аспапта орындаушылық 38   18
0606002 Ән  салу 6   4
0607002 Хорда дирижерлік ету 6   3
0612002 Актерлік өнер 10   5
0616002 Мүсін 5   5
0617002 Станокты кескіндеме 5   5
0618002 Станокты графика 5   5
0619002 Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер 5   5
0622002 Көркем тоқымашылық 5   5
0627002 Ағашты көркем өңдеу 5   5
0630002 Көркем қыш бұйымдар 5   5
0636002 Металды көркем өңдеу 5   5
0640002 Дизайн 10   5
  Гуманитарлық мамандары 640 100 315
  ҚР Ішкі істер министрлігі      
0202002 Құқық қорғау қызметі 490   240
  ҚР Әділет министрлігі      
0202002 Құқық қорғау қызметі 150 100 75
  Білім мамандықтары 80    
  ҚР Қорғаныс министрлігі      
0310002 Дене тәрбиесі 80    
  Барлығы 830 100 390
  жиынтығы 2201 100 1023

         Ақпарат – латынның Informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-  күйі немесе біреудің іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпаратты қандай  да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік.Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды- түсінікті- бағаланды деген үш сүзгісінен  өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және прогматикалық. Синтастикалық деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылданып алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Семантикалық сүзгі мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді.Мәлімдеменің мазмұны- белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Программалық сүзгі ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегі қызмет барысында шешетін міселелеріне байланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді.

Кибернетикалық жғдайда ақпарат, объектісінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге- кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.

Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысты бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Ақпарат жүйесі- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің  бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.

Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:

— ақпараттық- анықтамалық жүйелер;

— ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;

— ақпараттық қадағалаушы жүйелер.

Ақпараттық –анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.

Ақпараттық –кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі. Дегенмен, келтірілген жіктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды таңдау сәйкес факторлардан тәуелді.

Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі- реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі.

Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынасының сандық қасиетін сипаттайды.Бұл жағдайда ол реквизит негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол-реквизит белгі деп аталады. Бұл ағымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратын пәндерде осылай беріледі. Ал тек таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі пәндерде ақпараттың атрибут және құрамды бірлігі деп саналатын екі негізгі бірліктері қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні (мән-мағынасы) болады. Атрибуттың аты мәліметтерді өңдеу барысындағы шартты белгілеуді білдіреді. Атрибуттың мәні деп, нақты бір жағдайдағы құбылыстың, жағдайдың, объектінің қандай да бір қасиеттерін сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттың барлық мүмкін болатын мәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені деп аталады.

Егер атрибуттың А деген аты болса, ол (А,d) деген жұпты белгілеп тұрса, яғни мұндағы  d<D,ондаD жиыны А атрибуты мәнінің домені деп аталады.d шамасы А атрибутының берілген уақыт мезетіндегі мағынасы болады. МҚБЖ-қа арнап бағдарлама жазғанда,ондағы мәтінде  кездесетін атрибуттар үшін доменнің барлық элементтерін тізіп шығу мүмкін емес жағдайлар болады. Осындай кезде домен үшін міннің типі мен ұзындығы көрсетіледі.

1.4 Экономикалық Ақпараттар Жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйелер  құрылымына қойылатын талаптар.

Ақпараттық жүйе – бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтығырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдерінің ара-қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірек болады.

АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.

АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.

Есептер комплексі – белгілі бір қасиетіне қарай топталған есеп жиынтығы.

Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.).

Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:

  • жоғары алгоритмдеу;
  • иерархиялық, яғни ішкі жүйелеріне, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;
  • шешімнің бір қалыптығы;
  • шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
  • типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
  • жүйенің шығу-кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі;

Экономикалық ақпарат жүйесі негізгі талаптарына тұтынушылардың көзқарасы бойынша бюджеттік  жүйенің жұмыс кешенін автоматты түрде орындау. Бюджеттік  операциялар технологиясы автоматты өткізу қызмет тізімдемесі 2 топтан тұрады: міндетті және қосымша.

  Ақпаратттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар.

Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық  және ұйымдастырушы жабдықтаудан.

Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын,  алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.

Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық  және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.

Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар  ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады. Сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Өңделетін жүйеге келесі талаптар қойылуы қажет:

  • ЭАЖ функциялық мүмкіндіктері лизинг мамандары дайындайтын негізгі операцияларды автоматты режимде орындау;
  • Жүйелік программалық жабдықтау нақты уақытта жұмысқа еркіндік беру және кіру/шығу, оқу, жазу, баспаға шығару операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді;
  • Жүйелік программалық құралдар қосымша программалар пакетін ешқандай өзгеріссіз жаңа аппараттық платформаға ауысуына мүмкіндік беру қажет;
  • Қосымша программалы құралдар мәліметтер базасымен байланысты қамтамасыз ету керек;
  • ЭАЖ басқару оңай және көрсетілмелі болуы қажет;
  • Жүйені аппараттық өткізу қолайлы арзан болу керек;

Жүйелік конфигурацияға мыналар жатады:

  • Pentium IV жұмыс станциясы;
  • 1 Гб оперативтік зердесі;
  • HP Laser 1020 лазерлі принтері;

Жоғарыдағы талаптарды жүзеге асыру қарапайым және тиімді автоматты жүйе құруға септігін тигізеді. Бұл жүйе еңбек өнімділігін арттыруға, бюджет бөлімінің өткізу мүмкіндігін жоғарылатуға, тапсырыс берушілерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.

        Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Математикалық жабдықтау – математикалық әдістер мен үлгілердің  және ақпаратты өңдеу алгоритмдерінің жиынтығы. Бюджетті бөлу шарттарын анықтаудың АЖ  математикалық жабдықтау нақты есептерді шығаруға және оның дұрыстығын бақылауға тиімді программаны дайындауға мүмкіндік береді.

ЭАЖ  математикалық жабдықтауға мыналар қажет:

  • үлгілі және әзірленген әдістемелер, алым алгоритмі және ақпараттық өңдеу;
  • мәліметтерді іздеу және сұрыптау алгоритмі және шығу құжаттарын қалыптастыру;

  ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:

  • қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;
  • қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді максималды пайдарану;
  • алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-схемалық және т.б;

Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:

  • ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;
  • қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;
  • программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;
  • есептердің функционалдық айналысын қамтамсыз ету;

 Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Лингвистикалық жабдықтау қызметкерлер құрамының және программалық жабдықтау, ақпараттық жабдықтау, техникалық жабдықтау пайдаланушылырдың байланыс жасау тілінің жиынтығы. Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:

  • ақпараттық базаның құрылымдық бірлігін бейнелейтін ақпараттық тіл;
  • мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;
  • Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл құралдары;
  • ЭАЖ «Бюджетті бөлуді жоспарлау жүйесін» қолдансақ, көптеген программалы пакеттер барлығының программалы тілдері бірдей;

          Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтау – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке амалдардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады. Барлық амалдарды 3 сатыға топтауға болады:

— Ақпаратты алу;

— Ақпаратты түрлендіру;

— Ақпаратты тұтыну;

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барасында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын амалдар тобын қамтиды. Бұл амалдың мақсаты  мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру амалының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – амалдар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін  ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келемі техникалық жабдықтар қолданылады:

  1. Ақпаратты жинау және тіркеу;
  2. Ақпаратты өткізу;
  3. Машиналық тасығыштарды дайындау;
  4. Ақпаратты өңдеу;
  5. Ұйымдастыру техникасы.

Ақпараттық  жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысуы арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магнитік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдердегі жабдықтардың ерекшелігі сол мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады. Ақпаратты өңдеу жабдығы, шешімдерді қабылдауға қажетті бастапқы мәліметтерді щығаратын ақпаратты түрлендіру қызметін атқарады. Олар ТЖЖ-ның негізін құрай отырып, клавиштік қарапайым машиналардан бастап, есептеу жүйелеріне және көп машиналы есептеу кешендеріне дейін қамтиды. Ақпаратты өңдеу жабдықтарының қазіргі кезеңдегі қолдану ерекшелігіне, есептеу орталытарындағы мәліметтерді орталықтандырып өңдеуден, ДЭЕМ негізігдегі орталықтандырылмаған өңдеу тәсілдері жатады. Сол себепті де экономистердің, қаржыландырушылардың, бухгалтерлердің және басқа да басқарудағы қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары мен абоненттік орындар кеңірек қалыптасуда. АЖО-дан АО-ның айырмашылығы, ол АЖО-дағы есептер жиынтығын шешу үшін қолданушыларға топталып қызмет көрсетуде қолданылады.

АЖО – бұл кәсіптендіріліп-бағыттандырылып есептеу жүйесін немесе ДЭЕМ арқылы басқарылып және арнаулы кәсіптегі мамандардың жұмысын автоматтандырылуға арналған сыртқы техникалық жабдықтардың жиынтығы.

Дегенмен ақпарат жүйелерін осындай, яғни дара немесе орталықтандырмай ұйымдастырудағы техникалық жабдықтау, жүйенің жоғарғы бөлігінің есептеу орталығындағы  біріңғайланған мәліметтер банкісін қолдану арқылы мәліметтерді  орталықтандырып өңдеуді жоққа шығармайды.

Қазіргі уақытта әр түрлі мамандардың типтік топтастырылған немесе жекеленген АЖО-сы құрастырылып, ендірілуде. АЖО-ға қажетті техникалық жабдықтың  құрамы нақты жағдайлар мен орындалатын жұмыстың  сипатына байланысты болғанмен, әдетте онда өте кіші ЭВМ негізіндегі басқару құралы, видеотерминал немесе дисплей, иілгіш магниттік табақшадағы  тасығыш, мәліметтерді жинауға арналған баспа жабдығы, басып шығатын құрылғы қолданылады. Қазіргі уақытта АЖО негізінде шешілетін есептердің шеңбері кеңейтіп және барлық ТЖЖ-ны әлдеқайда тиімді қолдануға мүмкіндік беретін жергілікті есептеу желістері қалыптасқан.

Ұйымдастыру техникасының жабдығы, басқарудағы қызметкерлердің еңбегін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті және ол ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу және бейнелеу жабдықтарынан,құжатты жасап әрі өңдеу жабдығынан, көшіріп бейнелеу мен өте кіші бейнелер жиынтығын  жасау жабдығынан және басқада ұйымдастыру техникасының жабдықтарынан тұрады.

Техникалық құрал аты Физикалық модуль Сипаттама
1 2 3
ПЭВМ – Intel Pentium Материнская плата

Процессор

ОЗУ

Video Card

HDD

Монитор

Клавиатура

Тышқан

 

АТХ Pentium 4

Intel, 3.2GHz

 1 Гb

512 Mb

180 Mb

19 дьюмдегі, ЖК

102 клавишті

2 кнопкалы

Принтер Принтер

 

HP LaserJet 1020
Сканер Сканер HP Scanner

  1. Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы
    экономикалық жүйесін жобалау

2.1 Есептер кешенінің сипаттамасы

Есептер кешені бюджет бөлудегі тапсырыс берушілерімен мәліметтерді өңдеу үшін, сонымен қатар шығыс құжаттарының формасын алуға және құру үшін арналған. Есептер кешені келесі функцияларды орындайды:

  • Тапсырыс берушінің мақсаты;
  • Қамтамасыздандыру туралы құжатты жүйеде ашу;
  • Қолдану графигін ресімдеу;
  • Кеткен шығындар құнынының есебі;
  • Қосымша материалдар;

Есептің мақсаты – бюджеттің бөлініп кеткен  ақша құралдарының қозғалысы бойынша ақпаратты жинау және сақтау, яғни шоттағы бар ақша, кіріс, шығыс ақша құралдары және алынған сома нәтижесінде жүргізілген операция. Сонымен қатар шығару формасын беру  және мемориал ескерткіш ордерін алу мақсаты болып табылады.

Осы есептердің шешуі тек сбой кезінде және техникалық құралдардың жұмысында олқылық жағдай болған кезде тоқтатылады, бұл жағдайда ақпараттың сақталуына бағдарламалық жүйе ортасы кепілдік береді. Олқылық жағдай кезінде есептердің шешуі және жауаптылығы толығымен бағдарламашыға жүктеледі. Егер есептеуіш құралдардың жұмысы тоқтаусыз істесе, онда есептердің шешуін оператолар.

                        2.1.1  Кіріс ақпараты

Кіріс ақпараты  – АЖ қызметін орындау үшін қажетті құжаттар, мәліметтер түріндегі түсетін ақпарат. Кіріс құжаттары, яғни оның негізінде түсетін файлдар өз кезегінде оперативтік және шартты тұрақты болып бөлінеді. Оперативтік өнеркәсіп қызметінің қаржылық-шаруашылық фактілері көрсетіледі, ал шартты тұрақтыда материалдық, еңбек, технологиялық және т.б. нормалар мен нормативтер, сонымен қатар барлық анықтама мәліметтер белгіленеді.

Өңдеуге түскен ақпарат бақылаудан өту қажет. Бақылаудың минималды талабы пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады. Сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде программалы бақылаудан өтеді. Есепті шығару кезінде бақылаудың қосымша әдістері мен формалары қарастыру қажет.

Бюджет шоттын ашуға арызының кіріс ақпаратының құрылымдық           бірлігінің тізімі мен сипаттамасы :

Қатынас атауы Идентификатор
Шот ашуға арыз ZOS
Реквизит атауы Есеп қойылымы Реквизит ұзындығы
1 2 3
Тапсырыс берушінің аты FIO А(25)
  Валюта

 

VALUT А(3)
   мерзімі DATA 6(3)
   Жеке кулігі UD_LICH 9(5)
   РНН RNN 9(10)
   Адрес ADRES А(25)
   Телефон TEL 12(5)
   Ашылатын шот № N_SCH 9


2.1.2  Шығыс ақпараты

Шығыс ақпараты  берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

Қатынас Түсу дүркінділігі Ақпарат көзі
Атауы идентификатор Ұсыну формасы
1 2 3 4 5
Салымдар шарты туралы есеп беру OD Қағаз және әлектронды формада Сауалдама бойынша Бухгалтерия, аналитиктер
Ссуда түрі бойынша есеп беру OVIDKRED Қағаз және әлектронды формада Сауалдама бойынша Бухгалтерия, аналитиктер
Лизинг бойынша есеп беру OZ Қағаз және әлектронды формада Сауалдама бойынша Бухгалтерия, аналитиктер
Валюта курсы туралы есеп беру OVT Қағаз және әлектронды формада Сауалдама бойынша Бухгалтерия, аналитиктер

 

Қатынас атауы Индентификатор
бюджеттік операциялар туралы  есеп беру  

OVT

Реквизит атауы

 

Есеп қойлымы Реквизит ұзындығы

 

Мекеме

Тарту мерзімі

Қайтару мерзімі

Сомма

валюта

Сыйақыны есептеу

бюджет түрі

UCHEREG

DATAPR

DATAVOZ

SUMMA

VALUT

NACH_VOZN

VID_BYDGET

А(25)

9(10)

9(10)

9(6)

3

9(6)

А(15)

 

Шығыс  ақпаратын құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы

Қатынас атауы Индентификатор
Бюджет түрі бойынша

есеп беру

 

OVIDKRED

Реквизит атауы

 

Есеп қойлымы Реквизит ұзындығы
Бюджет  түрі

Мекеме

№ шоты

Сомма

Валюта

% пайыз

Сыйақыны есептеу

Бюджет бойынша жалпы сомма

Барлығы

 

VID_BUDGET

UCHEREG

N_SCH

SUMMA

VALUT

PROCENT

NACH_VOZN

O_SUMMA

 

ITOG

А(10)

А(25)

9(3)

9(6)

3

9(6)

9(6)

9(6)

 

9(6)

2.1.3  Ақпараттық база

Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.Машинадан тыс ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс істетуде құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.

Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады. Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштарды мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект. Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.

Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің ұзындығын және олардың ақпарат массивінде орналасу тізбегін табу. Ақпарт массиві қолданылу белгісіне қарай кіретін, шығатын және ішкі болып бөлінеді. Кіретін массив, объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды. Шығатын массивтер, баспа құрылғысы – принтерге басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде, қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы жергілікті есепке, немесе есептер жиынтығына бағыталған массивтер түріндегі тәсілмен немес мәліметтер базасына массивтерді қалыптастыру жолының тәсілімен ұйымдастырылады.

Мәліметтер базасын тұрғызудың себептеріне – мәлімет өңдеу уақытын қысқарту, сақтаулы мәліметтердің артықшылығын азайту, мәліметтердің сыйыспаушылығын және қарама-қарсылығын жою, есептерді шешу үшін мәліметтерді кең көлемдегі қолданушылардың бірігіп қолдануы, есептерді шешу программасынан мәліметтердің тәуелсіздігі, мәліметтер базасындағы мәліметтерді сақтаудың сенімділегі жәнге т.б. жатады.

МББЖ – бұл АЖ-ны қолданушылардың қолданбалы есептерден мәліметтерге енуін қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру-шығу, оны тиеу, жөндеу үшін қажетті жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер базасын МББЖ-мен біріктіріп, мәліметтер банкісі деп атайды. Мәліметтер банкісінің құрамы – мәліметтер қоймасы мен МББЖ-дан тұрады.

2.2 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы

Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету – бұл ұымның шығару процесіне қатысты және ақпаратты қайта өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешу, кең ауқымыды пайдаланушыларға есептелген және бағдарлама жиынтығын ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігі. Бұған операциондық жүйелер, кестелік процессорлер, бағдарлама генераторлары, графикалық және мәтіндік редактолар, ҚПП, МББЖ және т.б. жатады.

Операциондық жүйелер барлық басқару шығару жүйелерінің қорларына жауап береді. Бірақ жүйелік қамтамасыз етудің бірнеше аспектілері бар, шығару жүйелерінің типімен сәйкес болмайды. Оперпциондық жүйе персоналды компьютердегі аппарат құралқ абықшасының ең төменгі деңгейіндегі дәрежесін құрайды.

Персоналды компьютердің әр түрлі модельдері мүмкіншіліг және архетиктурасы әр түрлі операциондық жүйелер қолданылады. Оларды сақтауға және жұмыс істетуге әр түрлі оперативті жадының қорлары қажет. Бағдарламаны өңдеуге және оны құруға берілген пайдаланушыларсервисі бірдей болмайды операциондықжүйе түйіні әдетте сервистік бағдарламалардың жиналуымен қосылады. Осы бағдарламалардың көмегімен сыртқықұрылғылардың параметрлерін орнату, оперативті жадыны тестілеу және т.б. болып табылады.

WINDOWS XP  операциондық жүйесінің мінездемесі:

WINDOWS файлдармен, дисктермен және т.б. операцияларға арналған ыңғайлы және көрнектәі интерфейспен қамтмасыздандырылған, сонымен қатар   WINDOWS ортасында жаңа бағдарламаларды орнатуға мүмкіншілік жасаған. Әрине бұл бағдарламалармен жұмыс жасау үшін   WINDOWS талаптарына сай келу керек, сондықтан оны   WINDOWS –бағдарламалар немесе   WINDOWS-қосышалар деп атайды, олар игеруде өте қарапайым және қолдануда ыңғайлы.

Бұл ОЖ  өзіне енгізілген мультимедиа құралдары, енгізілген тасымал компьютерлері және енгізілген электрондық поштасы бар.   WINDOWS ХР ОЖ Microsoft  фирмасының  Microsoft Office  деп аталатын программа пакеттері құрылған. Бұл пакеттерге  келесі программалар кіреді:

  • Microsoft Word -XP Professional мәтіндік редакторы;
  • Microsoft Word — XP Professional электрондық таблицасы;
  • Microsoft Word — XP Professional презентациялық редакторы;
  • Microsoft Word–XP Professional мәліметтер базасын басқару жүйесі;

Сонымен қатар WINDOWS ХР құрамына қызмет бағдарламалары мен пайдалы қосымшалар жатады. WINDOWS ХР қолданғанда аппарат бөліміне қойылатын талаптар:

  • Intel2 GH процессоры немесе одан жоғары;
  • 1 Гб кем болмайтын оперативті жады;
  • Ж К Мониторы;

2.3  Есептер кешенің ақпараттық технологияларының жақсарту бойынша       нұсқаулар

« ҚР бюджетті бөлу министірлігі » ақпараттық жүйесін тестілеу оң нәтижелер көрсетті. Пайдалану кезінде ақпараттық жүйені қамтамасыз ететін немесе жұмыс бөліктерінің органикалық тәуелсіз ақпараттық жүйе ретінде кемшіліктері анықталған жоқ. Жасап шығару және енгізу кезінде ең жаңа технологиялар қолданылды.

«ҚР бюджетті бөлу министірлігі  » ақпараттық жүйесін тестілеу келесіні көрсетті:

  • Жүйе жұмысын басқаруға және сұраныс жасауға аса маңызды білім қажет емес;
  • Логика жұмысы программа бойынша оңай және ыңғайлы;
  • Программалық кешен дербес компьютерде тиімді жұмыс істейді, процессоры 233 және жоғары.

Дегенмен, берілген ақпараттық жүйенің әрі қарай дамуы таратылған мәліметтер қорында өтуден көрінеді, бұл берілген жүйенің жергілікті нұсқаудан желілікке өтуін білдіреді. « Бюджет бағдарламасының » ақпараттық жүйесі толық.

Қорытынды

       Сонымен қорыта келгенде мемлекеттің бюджетінен әр түрлі салаларға қаржы құралдары бөлінеді. Менің қурстық жұмыстың мақсаты ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы ақпараттық жүйесін құру.

Бұл ақпараттық жүйесін құру әр салалардың жұмысын оңтайландыруға қолданылады.

АЖ-ны құруда мен курстық жұмысымда Delphi програсын қолдандым.

Delphi көмегімен біз жұмысты автоматтандыруға қол жеткіздік. Delphi көмегімен мыңдаған қосымшалар жазылған, ондаған фирмалар және мыңдаған программисттер Delphi үшін қосымша компоненттер өңдеуде орта мәртебеге ие болу негізіндегі факт, Delphi тілі басқа программалау жүйелеріне ұқсамайтын тіл, ол қойылған талаптарға толығымен жауап береді. Шынында да Delphi көмегімен қосымшаларды өңдеу тез және өңдеушінің Delphi интерактивті ортасымен жұмыс істеуде өзін комфортты сезінеді. Delphi ортасы – қосымшалары эффектілі болады, егер өңдеуші белгілі ережелерді сақтаса. Бұл қосымшалар сенімді және эксплуатация кезінде көрнекті тәртіпке келеді.

Delphi тілі түсінікті ме? Иә және жоқ. Ол жай болып көрінеді, негізінде оның күрделі тереңдігі өңдеушіге байланысты болып келеді. Бірақ та Delphi ортасын таныған сайын оның күрделі тереңдігі де таныла бастайды, бұл бір уақытта сыйласымдық сезіміне әкеледі және қорқытады. Уақыт өте келе күшті және функцияналды қосымшаларды жазу үшін Delphi тілін жиі оқу керек деген ұғым бізге келеді.

Қолданылған әдебиеттер

1.ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы – 2004ж. №44

2.ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы – 2005ж. №52

3.ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы – 2005ж. №54

4.Егемен Қазақстан – 2005ж. – 11қазан

5.Егемен Қазақстан – 2006ж. – 21маусым

6.Егемен Қазақстан – 2006ж. – 6шілде

7.Алматы ақшамы – 2005ж. – 8қаңтар

8.Алматы ақшамы – 2006ж. – 5маусым

9.Қаржы – қаражат – 2004ж. — №11

10.Қаржы – қаражат – 2005ж. — №12