Yota — өте қызық, бірақ болашағы жоқ бренд

823
Yota

«Мобильді құлдық» нақты шегерілгенше, мобильді операторлар туралы да әңгімелер таусылмақ емес. Ресейлік Йота бренді осыдан 9 жыл бұрын қызметін табысты компаниялар ретінде бастайды. Мегафонға қосылған соң, бүгінде қарапайым қолдау қызметін де іске қоса алмай, банкроттықтың алдында тұр. «Брендтер тарихы»  теледидарға жарнама беруден бас тартып, интернет-байқаулар арқылы қоғамдық пікір қалыптастырған оператор туралы толығырақ баяндайды.

Технология

2006 жылдың соңына қарай «Корус Консалтинг» компаниясы басқарушыларының бірі Денис Свердловқа досы, кәсіпкер Сергей Адоньев қоңырау шалады. Оның айтуынша, интернеттің ұялы телефон арқылы тұтыну нарығында үлкен өзгерістер күтіп тұр. WiMAX-тың дайын коммерциялық технологиясы да бар көрінеді. Әзірге басқа  біреу қолға алмай тұрғанда, осы нарыққа шығып алайық деген ұсыныс білдіреді. Адоньевтің өтініші бойынша, Свердлов бизнес-жоспар дайындайды. Оны жүзеге асыру үшін Адоньев Telconet Capital қорын құрады. Жобаны басқарушы ретінде Свердлов бекітіледі.

Сол уақытта Ресейдегі ұялы телефон операторларының «Үздік үштігі» 3G стандарттары негізінде интернетке шығу мүмкіндігін қарастырып жатқан еді. Telconet Capital  қажетті радиожиіліктерді қолдану құқығы бар компанияны сатып алып, Мәскеу мен Санкт-Петербургте желі жеткізу құрылысын дөңгелетіп әкетеді.

Атауы

Бренд ойлап табу оңай емес. Брендинг агенттіктердің ұсынған нұсқалары басшылықтың көңілінен шықпайды. Бірде Адоньев Свердловқа «Йота десе, қалай?» деген мәтінмен хабарлама жібереді. Свердловта 2006 жылға дейін «Леском» ЖАҚ-тың 50 пайыз акциясын иеленген «Йота» ААҚ болған. Ойланбастан, бізге керегі де осы еді деген жауап барады. Барлық тілде де бірдей айтылатын атау болуы — шарт еді.

Логотип

«Yota» логотипін тендерге қосылған 300million атты лондондық агенттік жасаған. Ол жұмысы үшін агенттік неше мың доллар алғаны белгісіз.

140966339507

Жарнама

Йота теледидар арқылы жарнама беруден бас тартады. Бір жағы қымбат, әрі брендтің аудиториясы теледидар қарамаулары да мүмкін еді. Оның орнына компания интернет-байқаулар ұйымдастыруды қолға алады. Жеңімпаздарға фирма модемдері сыйға берілетін болып шешіледі. Акция барысында 2000 модем таратылып, ақшаға шаққанда ол 4 млн рубльді құрайды. Осылайша Йота қоғамдық пікір қалыптастыра бастайды. 2009 жылдың сәуір айында ол ұжымдық клиенттерге, маусымда — жеке тұлғаларға қызмет көрсете бастайды. Кейінірек Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының көшелерінде жарнама тақтайшалары пайда болады. Ондағы жазу: «Сәлем, менің атым — Yota», «Мен осындамын», «Сені үйде күтіп отырмын».

Свердловтың айтуынша, басталуы өте жақсы болды. 5 айдың ішінде Йотаға 100 000 қолданушы қосылып, компания операциялық табыстырға шығады.

provod

Кеңсе

Ресейдегі Yota-ның бас кеңсесі бизнес-орталықтың 10 қабатын алады. Жалға алынатын аумақ бойынша рекорд осыларға тиесілі. Кеңсе дизайның америкалық Woods Bagot компаниясы ойластырған. Іші неғұрлым жайлы болуы шарт еді. Үйде жүргендей сезіну үшін теннис үстелі, ойын приставкалары, жуынатын бөлме де бар.

yota4

Компанияның Yota Air атты жобасы бар. Ол — кеңседен тыс жерде бір күн жұмыс істеу. Айына бір рет команда болып кафеде, таза ауада жиналып, жұмыс істейді. Бастысы, интернет қолжетімді болса болғаны.

WiMAX-тан LTE-ге ауысу

WiMAX желісі 100 Мбит/с жылдамдықта ақпарат бере алатын еді. Қолдану барысында кейде бұдан да төмендеп кететін. Мәскеу және Санкт Петербург қалаларында аталған желі 2008 жылдың күзінен бері қолданысқа енген. Жарнама акцияларының арқасында қолданушылар саны еселене түседі. Басында барлығы қызметке риза еді. Бірақ, тұтынушы көбейген сайын жұмыс қиындай бастайды. Интернет ақырын істеп, жүк түсе бастайды. Амалсыздан ақпаратты тарату және қабылдау жылдамдығын азайтуға тура келеді. Бірінші жылдары 20 Мбит/с деген қалыпты жылдамдық саналатын. 2010 жылы Мәскеуде орташа жылдамдық 6-9 Мбит/секундқа дейін төмендейді. Кейбір аудандарда тіпті сигнал жоғалып қалатынды шығарады.

yota_75baa

2010 жылдың соңына қарай WiMAX-тан қазір өзімізге таныс LTE технологиясына ауысу басталады. Оның қолданатын жиіліктері бұрынғыдай еді. Сол себепті аса қатты жаңартуды қажет етпеді. LTE-га ауысу арқылы планшеттер мен смартфондарға СИМ-карталар салуға да мүмкіндік ашылады. Дыбыстық байланыс әлі жолға қойылмады. Десе де, бұның өзі бір адам алға басу боп саналды.

Сол жылдың күз айында LTE Қазанға да келіп жетеді. Бұл жерге жалпы саны 15 базалық станция орнатылады. Әйтсе де, жаңа стандартты қолдануға «Скартелдің» құқы жоқ боп шығады. Ол құқықты алу үшін бірнеше ай қажет болады. Бірпз уақыттан соң лицензия алынып, ашылуы да өтеді.

МегаФонға Yota не үшін керек?

2012 жылдың жазында Ресейдегі ең ірі келісімдердің бірі жасалады. «Скартел» ААҚ МегаФонның бақылауына көшеді. МегаФон сол уақытта 4G желісін дамыта бастағанын айта кету керек. Йота оларға не үшін керек болды? Сатып алынған бойда неге жабылып қалмады?

mega_yota

МегаФон басшылығына келіссөздер көптік еткен емес. Барлық лицензиялар, активтер «Скартелге» тиесілі еді. Бірақ ААҚ енді МегаФонның қарамағына кіріп, оператордың еншілес компаниясына айналды. Кез келген уақытта МегаФон еншілесін «жұта салуға» қауқарлы еді.

Келісім жасалған соң МегаФон жеңілдікпен 2G және 3G желілерін қолдануға рұқсат береді. LTE-жабдыққа қатысты айтсақ, бір-бірімен шатастырмай, «өзімдікі өзіме» деп шешеді. Осылайша Йота дыбыстық байланысты да тарататын толыққанды операторға айналады. Бірақ, шын мәнінде ол виртуал оператор ғана еді. Себебі, дыбыстық байланысқа арналған мұнара өзінікі емес, мегафонға тиесілі болған. Бұл тегіннен тегін жасалмайтын қызмет. Йота әр қоңырау үшін ақша төлейді. Сәйкесінше, осы шығынның кесірінен тарифтерді МегаФоннан арзан ете алмайтын.

Yota бүгінде

2014 жылы «Скартел» компаниясы жаңа пиар-акция бастайды. Енді Йота төртінші оператор саналады. Бірақ, көпшілік олай мойындамайды. Оның жанында Теле2 мықтырақ деген де пікір бар. Өз күнін өзі көретіндіктен Yota толығымен МегаФон-ның қанатының астында деуге келмейді.

59c28be4b24ee4ba2beb30aa9d630b49

Өз табысы аса көп емес. Сол себепті желілерді дамытуға қауқары да шамалы. Тарифтерді қымбаттатпаса, МегаФоннан алатын жабдықтарының ақысын төлей алмайды. Олай ететін болса, қолданушыларын жоғалтады. Компания алдағы уақытта бірнеше миллион қолданушы қосылады деп үміттенеді. Бірақ, ондай көлемдегі тұтынушы болар ма екен? Ол сұрақтың жауабын бірнеше жыл күтуге тура келетін секілді.

Yota болашақта

Өкінішке орай, оператор барлық нәрсеге үнем жасайды. Тіпті қарапайым қолдау қызметі де жоқ. Оның орнында көп жағдайда мәселеңізді шешіп бере алмайтын арнайы қосымшадағы компания қызметкері бар. Кейбір техникалық қиындықтар да бар. Соның ішінде, смартфондарда LTE-байланыс жұмыс істемей қалуы да ықтимал.

Оператордың болашағы қандай болары белгісіз. Мамандардың сөзінше, ірі операторға тиесілі болғандықтан, ерте ме, кеш пе жабылары сөзсіз. 1-2 жылдан кейін амалсыздан «банкрот» жариялауы мүмкін.