Қытай капитал айналымына бақылауды күшейте түсті

534
B69CW3 Close-up of one hundred Yuan notes

Қытай қаржылай нарықтың тұрақсыздығына байланысты шетелге капитал кетуінің алдын-алуын үшін жаңа шаралар қолға алып жатыр. Елдегі құқық қорғау органдары мен ірі банктердің, орталық банктің барлық мүмкіндігі жұмылдырылған деп жазады The Wall Street Journal.

Bank of China Ltd. және China Citic Bank Corp. тәрізді ірі қаржылай мекемелер ұжымдық клиенттердің ірі валюталы операцияларына бақылауды күшейтті деп хабарлады WSJ осы саладағы дереккөздеріне сілтеме жасап. Қытай компаниялары тек импортты төлеу, ел сыртындағы инвестицияларға төлем жасау деген қажеттіліктерде ғана юаньды шетелдік валютаға айырбастай алады.

Қытайдағы капиталдың кетуі туралы нақты мәліметтер жоқ. Көптеген инвесторлар шектеулердің алдын-алу үшін қаржыларын күрделі шектеулер арқылы алып шығып жатыр. Алайда экономистер ақшаның шын мәнінде ҚХР-дан сыртқы кетіп жатқандығына қосымша дәлелде табуда. Соның бірі — елдің халықаралық резервтерінің қысқаруы, өткен жылы олар 4 трлн доллардан асса, осы жылы 340 млрд долларға қысқарды.

Goldman Sachs сарапшылары 11 тамыздан бері ҚХР-дан капиталдың кетуін 150-20 млрд долларға бағалап отыр. J.P.Morgan Chase & Co. экономисті Чжу Хайбиннің сөзінше, 2014 жылдың ІІІ тоқсанынан бері Қытай 340 млрд долларын жоғалтқан. Ал Macquarie Group Ltd. сарапшысы Ларри Ху шетелге кеткен қаржы көлемі 264 млрд доллар деп бағалап отыр. Бағалаулар қанша айырмашылық жасағанымен, экономистер юанның әлсізденуі және экономиканың баяулауына байланысты капиталдың сыртқа кетуі ұлғая бермек деген пікірде.

2015 жылдың басынан бері юань долларға қатысты 2,6 пайызға төмендеді.