Қытай мен Қазақстан шекарасындағы сауда 53 пайызға өсті

сауда
Фото: kapital.kz

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың І жартыжылдығының нәтижесі бойынша Алашанькоу бақылау-өткізу пункті арқылы өткен сауда көлемі 5,3 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,8 пайызға артық. Бұл туралы жергілікті кеден қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасаған Синьхуа агенттігі хабарлады.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, жарты жыл ішінде аталған бақылау-өткізу бекетіндегі Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесі шекарасының Қазақстанмен жүк алмасуы 8,51 млн тоннаға дейін (13,1%) артқан. «Белдеулер және жолдар» бойындағы елдерде көпшілік тұтынатын тауарлар мен қытай өндірісіндегі болат прокатына сұраныс артқан.

Ал, Қытай тарапынан Орталық Азия елдерінің пайдалы қазбалары мен өсімдік және жануарлардан алынатын азық-түліктерге сұраныс басым. Қаңтар-маусым айларында Алашанькоу арқылы Қытайдан Еуропаға 287,4 мың тонна жүк тиеген  821 тауар пойызы жіберілді. Бұл екі көрсеткіш сәйкесінше 49,5 пайызға және  14 пайызға артты.

Дереккөз: inform.kz