Қызыл Жарты Ай қоғамы селден зардап шеккендерге көрсететін көмегін тоқтатты

635
Наурызбай

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — Наурызбай ауданы әкімшілігі қазіргі таңда селден зиян шеккен көшелердің барлығында коммуникация қалпына келтірілді деген мәлімдеме жасады.

Газ бен электр энергиясы барлық жерге тартылды. Қалған үйлерде бір-екі күннің ішінде жолға қойылатын болады.

«Біз өзімізге тиесілі жұмыстарды атқардық. Айта кетерлігі, Қызыл Жарты Ай ТЖ жарияланған соң үш күн көмек көрсетеді. Жағдай тым ауыр болып, мемлекет тарапынан берілетін көмек аздық еткенде біз келеміз. Бәрі реттеліп, орнына келген соң, біз сол жердегі жұмыстарды тоқтатамыз», — дейді Қызыл Жарты қоғамы бас дриекторының орынбасары Ай Толқын Исабекова.

Қызыл Жарты Ай қызметкерлерінің айтуынша, Чапай ауылына көрсетілген гуманитарлық көмек мөлшері жеткілікті. Ол көмек әлі бірнеше күнге жетуі тиіс. Десе де, еріктілер әлі де жұмыстарын жалғастыратын болады.