Қызылорда облысында 83 бизнес жоба қаржыландырылды

Фото: Sputnik-Қазақстан

Қызылорда. 2 желтоқсан. 7kun.kz — Қызылорда облысында «Даму» қоры 3,5 млрд теңге сомасына 83 жоба қаржыландырылды, осының нәтижесінде 640-тан астам жаңа жұмыс орны ашылды <9k nehfks Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Стратегия — 2050 сайты.

Спикер атап өткендей, жыл басынан бері  ауыл шаруашылығының барлық салаларында өсу байқалады. Ағымдағы жылғы 10 ай ішіндегі жалпы өнім көлемі 8798 млн теңгені құрады.

«Бюджеттен тыс инвестицияларды тарту бойынша жобаларды іске асыру үшін өңірдің ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны болып табылатын «Жан-Арай жем» ЖШС құны 100 млн теңгені құрайтын «Сорқұдық» көлінде қаздарды жемдеу жобасын инвестициялады. 2016 жылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыруда басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімін жинаудың артық орындалуына қол жеткізілді. Жалпы аудан шаруалары жылды сәтті аяқтады», — деп атап өтті әкім.

Ғ. Қазантаев ауданда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үшін қаражат бөлініп жатқанын атап өтті.

«Даму» қорының іс-шараларын орындау аясында кенттер мен ауылдық округтер бөлінісінде жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 83 жоба бекітіліп, осының нәтижесінде 640-тан астам жаңа жұмыс орны ашылды.