Қызылорда облысында тұз, күріш және балық экспорты ұлғайтылады

1828
Қызылорда облысында тұз, күріш және балық экспорты ұлғайтылады

2015 жылы Қызылорда облысы экспорт қуатын арттыруды жоспарлап деп хабарлады облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапар.

Бақыт Сапардың айтуынша, қызылордалық өндірушілер өнімінің басым көпшілігі Ресейге экспортталады. Экспорттың 50,8%-ын техникалық және ас тұзы, 48%-дан астамын күріш және балық алады. Қазір Қызылорда өңірінде балық өңдейтін, жалпы жылдық қуаты 11 мың тонна 8 зауыт жұмыс істейді.

«Аралтұз» комбинатында айына 23 мың тоннадан астам өнім өндіріліп, 6 400 тоннасы ай сайын Ресей экспортқа шығарылады.