«Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсы биыл да өтеді

Өз бизнесіңді қалыптастыр
Фото: forbes.kz

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Вячеслав Ким, Кеңес Рақышев және «Сәби» қорының бастамасымен қазақстандық жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жобасы биыл  бесінші рет өтеді.

Байқауда жас бизнесмендер жобаларын дамытуға 100 мың долларға дейін қаржылай көмек ала алады.

Конкурстың ұйымдастырушылары бизнестің әр түрлі саласында аймақтардан келген кәсіпкерлерге көмектеседі. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беріледі. Байқауға 18-35 жас аралығындағы қазақстандық кәсіпкерлер қатыса алады.

Байқауға қатысу шарттары қарапайым. Жаңадан өз ісін бастаған кәсіпкерлер жобалары туралы бейнеролик түсіріп, entrepreneur.saby.kz сайтына байқауға қатысуға өтініш беруі керек. Толық ақпаратты entrepreneur.saby.kz  сайтынан алуға болады.