Заңнама бәріне ұнауы мүмкін емес — Нұрлан Ермекбаев

заңнама

Астана. 15 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың 20 маусымында Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама заң жобалау үшін саяси-теориялық негіздерді құру үшін қажет. Тұжырымдаманың негізінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар топтамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Егер оны талқылау оң нәтиже беретін болса, 13 заң мен 4 кодекске шамамен 60 түзету мен толықтыру енгізілетін болады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасын дайындау кезінде, жоба сарапшылардың, діни бірлестік өкілдерінің, ҮЕҰ өкілдерінің көптеген талқылауынан өтті. Барлық пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, ауқымды және көп еңбекті талап ететін жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Қараша-желтоқсан айларында оны Мәжіліске жолдауды жоспарлап отырмыз

«Бәріне бірдей ұнайды деп күтуге болмайды. Бізде ондай иллюзия жоқ. Біз қоғамның барлық жігі мен топтарының мүдделерін ескере отырып, мемлекеттің мүддесін негізге аламыз. Ең бастысы – мемлекет мүддесін қатаң сақтау. Әрине, бәріне ұнауы мүмкін емес», — деп атап өтті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.