Өзбекстанның ұлттық валютасы құнсызданды

сом
Фото: 123countries.com

Ташкент. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Өзбекстанның сомы девальвацияға ұшырады. Бүгін елдің Орталық банкі АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы деңгейі 8 100 сом болғанын жариялады.

Өткен аптада 1 доллар 4210,35 сом болған еді. Бүгін бұл көрсеткіш 3889,65 сомға өсті. Еуро бағамы 9645,48 сом деңгейінде, бұл өткен бағаммен салыстырғанда, 4678,601 сомға жоғары. Рубль бағамы 68,731 сомнан, 139,91 сомға дейін жетті.