Зейнетақы қорлары біріккеннен кейін 90 млрд теңге есептен шығарылған

Зейнетақы қорлары біріккеннен кейін 90 млрд теңге есептен шығары

Қазақстанның зейнетақы жүйесі қайта ұйымдастырылып, қорлардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) бірікеннен кейін азаматардың зейнетақы жиындарының 90 млрд теңгесі есептен шығарылды деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

«Бұл барлық жиын соммасының тек 2%-ы. Есептен шығару барлық зейнетақы қорлары БЖЗҚ-ға біріккеннен кейін жүргізілді. Сол себепті, біреулерден 10 мың теңге, біреулерден 70 мың теңге. Бұл жиын соммасынан тәуелді. Жалпы зейнетақы активтерінен 2%-ды есептен шығарып отырмыз. Жалпы Қазақстан бойынша барлық жиын көлемі 4,5 трлн теңге, біз 2%-ды есептен шығардық — бұл барлық жиынтық сомманың 2%-ы», — деп мәлімдеді Д.Ғалиева дүйсенбі күні Парламент мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын талқылау кезінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «зейнетақы жиындарының бірігуінен, 2014 жылдың 26 наурызынан бастап, Ұлттық банк активтерді басқарып бастағаннан бері ол табыстылықтың 8,5%-ына қол жеткізді».

Ол мәжілісші Мұхтар Тінікеевтің сауалына жауап беріп, зейнетақы жиынына қатысты жағдайға тоқталып кетті.

«…Зейнетақы активтеріне тоқталсақ. Біз барлық зейнетақы активтерін ортақ қорға жинадық. Неліктен олар минус көрсетіп жатыр? Біздің көбімізге хабарлама келді, онда минус 70-90 мың теңге делінген. Бұл жерде мұндай ақша олар үшін орасан болатын адамдарды қозғамағанның өзінде», — деді М.Тінікеев.

Ол зейнетақы активтерінің қысқаруы үшін «банкирлерді отырғызуды» ұсынды. «Сол ақша қайда кетті? Әр банкте өз сақтандыру компаниялары болды, олар осы ақшаны осы сақтандыру істеріне жұмсады. Несиелерді берді, осы ақшадан үстеме алды, ал енді айтып отырғанымыз: «Білмейміз». Онда осы банкирлерді отырғызыңыз», — деді ол.