Нұр-Сұлтан. 22 шілде. 7kun.kz – «Зерде» холдингі таратылғаннан кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тікелей ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріледі. Бұл туралы министрлік ҚазАқпараттың сауалына берген жауабында хабарлады.
Холдингті тарату арқылы жылына 3 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеп, артық қызметтерден арылып, жауапкершілікті нақты бөліп алуға болады.
Қазір «Зерде» холдингінің құрылымында үш еншілес ұйым бар: «Astana Hub» технопаркі, «ҰАТ» АҚ және «Qazinnovations» АҚ. Бүгінгі таңда холдинг қызметкерлерінің штаты 230 адамды құрайды.
Сондай-ақ, «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ, «Astana Hub» КҚ және «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ны бір ұйымға біріктіру жоспарлануда.
2016-2021 жылдар кезеңінде холдингтің жинақталған шығыны 7 млрд теңге болды.
Айта кетейік, сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» холдингін реформалауды тапсырған болатын. Ал жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент елдегі цифрландырудың барысына көңілі толмайтынын айтты.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024