Банкке сұрақТаңдаулы1

Жалақы қартамды бұғаттап тастады. Не істеуге болады?

Мен Ф. банктен кредит алып едім. Белгілі бір себептерге байланысты төлей алмай, Ф. банк С. банктегі жалақы картамды бұғаттап тастады. Айлық картада тұр. Ф. банкке барып, 50%-ын алсын десем, «С. банк аударуы керек», дейді ақшаны. С. банкке барсам, «сізде ешқандай арест койылмаған», дейді. Тек «K. банк тарапынан ПТП койылған», дейді. Бірақ менде K. банкте қарыз жоқ. Өтініш, осы проблеманың шешімін айтсаңыздар.

Жауап:

Дәл қазіргі жағдайда Сізге K. банкке барып, сізде қарыз бар ма, жоқ па, болса қайдан пайда болды, ПТП қойылған ба, қойылмаған ба анықтаңыз. Адам факторы болған жерде түрлі оқиғалар болуы мүмкін. Мүмкін сіздің сыртыңыздан біреу кредит рәсімдеп, соның төлемі жасалмағандықтан банк ПТП қойған шығар?! Бірінші кезекте осыны анықтаңыз. K-де қарызыңыз жоқтығы туралы анықтама алыңыз. Егер қарызыңыз жоқ, ПТП-ға бұл банктің қатысы болмаса, С. банкке барып жазбаша арыз қалдырыңыз. Арест қойылмаған, қойылмағаны туралы жазбаша жауап беруі керек. Егер Ф. банктің өтінішімен қарызды қайтармағаныңыз үшін арест қойылса, картаңызды 100% бұғаттамауы керек. Бұл үшін Ф. банкке барып, арыз жазып, картадан ұстау барысында заң шеңберінде 50% ұстап отыруды сұраңыз. Ал бұған дейін картадан ұстап қалған қаражатты тек сот шешімі арқылы ғана қайтара аласыз. Яғни, сіз сотқа банкке қарыз болып, банктің заңда көрсетілгендей 50 емес, картадағы айлықты 100% алып отырғанын көрсетіп арыз жазуыңыз керек. Бірақ қаражаттың қайтаруы, қайтарылмауы сот шешіміне байланысты. Банкке арыз міндетті түрде жазбаша болуы керек. Бірақ жазбаша арыздарға 15 жұмыс күні ішінде жауап берілетінін ұмытпаңыз. Мүмкіндігінше қаражат тауып, кредиттің графигі бойынша қарыз күндеріңізді «қуып жетуге» тырысыңыз.

Tags

Осы айдарда

Close