Жамбыл облысы қалалық сотының төрағасы Мадемаров пара алғаны үшін ұсталды

Тараз. 17 мамыр. 7kun.kz – Жамбыл облысы қалалық сотының төрағасы Алтынбек Мадемаров пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«16 мамырда ҚР ҚК 366-бабы 2-тармағы бойынша №223100131000072 сотқа дейінгі тергеу бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінде Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А.А. Мадемаров әшкереленді. Ол 2022 жылғы 16 мамырда азаматтық іс бойынша көп салалы шешімге жәрдем көрсеткені үшін «Ж» есімді  азаматтан 1 000 000 теңге сомасында пара алды», – делінген әлеумтік желілерде тараған фотода.