Жамбыл облысында жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға 12,9 млрд тенге бөлінді

кәсіпкер

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Шәкербек Мәріпбек айтты. 

12.9 млрд теңгенің 5,3 миллиарды республикалық, 7,6 миллиарды жергілікті бюджеттен бөлінген. Мұның көмегімен 16 482 адамды бағдарламамен қамту жоспарланған.

1 шілдеге дейінгі ақпарат бойынша өңірдегі 41 білім ошағында 2 890 адам 65 мамандық бойынша оқуда.