Жамбыл облысының бюджеті 3 млрд теңгеге қысқарды

Жамбыл облысының бюджеті 3 млрд теңгеге қысқарды

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттары 2015 жылдың бюджетіне түзетулер енгізді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәслихат депутаттары кезекті 35-ші сессияда облыс бюджетінің шығысын 3 млрд теңгеден астам қаржыға қысқарту туралы қаулы шығарды.

2015 жылғы облыстық бюджеттің кіріс бөлігінде 150,16 млрд теңге, шығыс бөлігінде 149,16 млн теңге көрсетілген.