Жаңаөзенде ер адам 12 тонналық көпірді ұрлап кеткен

25
Арыс
Фото: hafb2b.ru

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Жаңаөзендегі тонналық металл көпірді ұрлаған айыпталушы 505 мың теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған оқиға ағымдағы жылдың қаңтар айында болған. Жаңаөзендегі бір ЖШС-нің қызметкері жұмысшылардың көмегімен, кранды пайдаланып 12 тонналық металл көпірді алып, өзінің жұмысына апарып қойған.

Ұрлық жылдам анықталды — ұзындығы 14 метр және құны 708 мың теңге көпір «ҚТЖ» ҰК АҚ-ға тиесілі. Полицейлер ұрыны тапты. Соңғысы өз кінәсін мойындап, көпірді заңды орынға қайтарды.

«Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен ол ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылды. Ер адамға 505 мың теңге айыппұл салынды», — делінген хабарламада.