Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жасұлан тірі екен!

Жасұлан тірі екен!


Украинадағы соғысқа Қазақстаннан аттанған ерікті Жасұлан Дүйсембин тірі болып шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін Ресей әскеріне қарсы соғысып жүрген "Жасұлан Дүйсембин 15 мамырда Донецк облысының Водяное ауылының маңында қаза тапты" деген ақпарат тараған. Ол - Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы.

«Тозақтан сәлем»

Әлеуметтік желіде Жасұлан Дүйсембиннің жаңа бейнежазбасы тарады. Онда отандасымыз жараланғанын, қазір сапқа қайта оралып, «тозақтағы соғысқа қайта кіргенін» хабарлады. Жасұлан өзіне қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқанын, өзінің «өлімі» әлдекімдерге керек болғанын айтады. Оның әлеуметтік желідегі парақшалары бұзылған, YouTube арнасындағы авасын әлдекімдер өзгерткен.

Жасұлан Дүйсембин Украинадағы соғысқа қатысып қана қоймай, ондағы жағдай туралы белсенді түрде әлеуметтік желілерге жариялап жүр. Украинаның мемлекеттік наградасы – ерлігі үшін орденімен марапатталған.

https://youtu.be/XXw2IJK-6VQ

Похожие материалы