Жекеменшік агенттіктер арасында жұмыссыздарды еңбекпен қамту бойынша конкурс өткізіледі

598
еңбекпен
Фото: abperspective.com

Алматы. 4 қараша. 7kun.kz — Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасы аясында Қазақстандағы 200-ден астам еңбекпен қамту орталықтарының қызметі жетілдіріледі деп хабарлайды ЕЖӘҚ министрлігінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі  «Қазақстан Республикасының көші-қон және халықты жұмыспенқамту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасын ұсынды.

Заңнамалық жаңа құжаттың  негізгі ережелерімен   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі  Біржан Нұрымбетов таныстырды.

«Заң жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмалары және шешімдері негізінде туындады.  Мысалы,  Қазақстан халқына«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауында,  Президент еңбек нарығын жаңғырту тапсырылған болатын.  Еңбекпен қамтуды мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру  ҚР Үкіметінің  2016  жылғы 9-қыркүйектегі  кеңейтілген отырысында тапсырылған еді.  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін  одан әрі жетілдіру  туралы» Жарлығымен халықтың көші-қоны саласындағы ұлттық экономика, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің  міндеттері мен құзыреттері белгіленген, – деп атап айтты  вице-министр.

2018 жылдан бастап  жекеменшік агенттіктер арасындағы конкурстық негізде жұмыссыздарды еңбекпен қамту және оқыту бойынша лоттар орналастырылатын болады, олардың қатарына алдымен оқытып алып, жұмысқа тұрғызу секілді қызметтер де қарастырылған.

2016 жылы 213 мың адам жұмыспен қамтылған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 329 мыңға жеткен. Бұған дейін «Өрлеу» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 4400 адам еңбекпен қамтылған еді.