Жер бетіндегі ең ірі апаттың себебі белгілі болды

ең ірі
Фото: newmoney.gr

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Цинциннати университетінің ғалымдары мен Қытайдың геоғылым университеті Жер бетіндегі ең ірі жаппай жойылу вулкандық атқылаудан болғанын анықтады. Бұл туралы Phys.org хабарлайды.

Зерттеушілер 252 миллион жыл бұрын жиналған көмір қоры жанған кезде атмосфераға шығарылған сынаптың ізін бүкіл әлем бойынша анықтады. Жаңбырмен бірге ол теңіз және мұхитқа, содан кейін теңіз шөгінділеріне түсті. Сол уақытта жаппай Перм жойылуы орын алды.

Атқылаулар Сібір траппалары — вулкандық жүйе аумағында болған, оған қысқа мерзімде балқытылған жыныстардың көп мөлшерінің құйылуы тән. Магма мың жыл бойы жердегі жарықтар арқылы жер бетіне шықты. Ауаға үш миллион текше километр күл шығарылды, ал жердегі орташа температура 10 Цельсий градусқа көтерілді.

Нәтижесінде, теңіздердің қышқылдығы артты, онда өлі аймақтар да көбейе түсті. Сонымен қатар, теңіз түрлерінің 96%-ы, жер бетіндегі омыртқалы жануарлардың 73%-ы және жәндіктердің 83%-ы жоғалып кетті. Ғалымдардың пікірі бойынша, биологиялық әралуандылық 60 мың жылға созылды.