Жиырма сегізінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

36
мұнай
Фото: Global FX

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — Жиырма сегізінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: Дүйсенбі күні кешке мұнай бағасы көтерілді. АҚШ пен Ұлыбритания нарықтарының жабылуы сауда-саттыққа әсер етеді, сонымен қатар әлемдік жеткізілімдер үшін сақталып отырған тәуекелдерге баға белгілеуді қолдайды, деп жазады Прайм.

21.53-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының тамыз фьючерстерінің құны 1,36%-ға, барреліне 68,39 долларға дейін өсті. WTI мұнайының шілде фьючерстерінің бағасы 0,43% — ға, 58,88 долларға дейін көтерілді.

Металдар: 22:04-те алтынға арналған маусым фьючерсінің бағасы 0,11%-ға арзандап, бір троялық унциясы 1 282,3 долларға сатылды. Күміске фьючерстің құны 0,22%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 14,52 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 22:10-да bitcoin 8 776 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,09%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 155,6 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 1,42%–ға көтеріліп, 272,62 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 28,89 млрд долларды құрады.