Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

Жомарт
Фото: mcj.press

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандық экс-банкир Жомарт Ертаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, – деп хабарлайды LS Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта ол Астанадағы тергеу изоляторында жатыр. Өткен жылдың наурыз айында Ертаевқа халықаралық іздестіру жарияланды.

Жомарт Ертаев басқа тұлғалармен алдын-ала келісім бойынша өзінің лауазымын пайдаланып, 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде РБК Банкінен 144 миллиард теңге ұрлауды ұйымдастырды деп күдіктеліп отыр.

«Ертаевпен бірге 54 адам күдікке ілінді, оның ішінде 41 топ-менеджер және банктің қатардағы қызметкерлері – бұрын экстрадицияланған Ибрагим Б., Мажинов И., Туғанбай Д., Едигенев Д., Мамырбеков А., Шарипов Т. және басқалар», – деп еске салды Бас прокуратурада.

Құқық қорғау органдары қазірдің өзінде 15 млрд теңгені қайтарып алып, 48 млрд теңгеге мүлікке тыйым салды. Хабарланғандай, осы іс бойынша тергеу аяқталды, процеске қатысушылар материалдармен танысады.