Әзербайжан Қазақстанға зейнетақы жинақтарын қайтарып береді

341
Әзербайжан Қазақстанға зейнетақы жинақтарын қайтарып береді

АЛМАТЫ. 16 мамыр. 7kun.kz — Әзербайжанның Халықаралық банкіне салынған қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қайтарылады.  Бұл туралы осы елдің адвокаттар коллегиясының мүшесі Акрам Гасанов мәлімдеді.

Айта кетейік бұл банк банкроттық жағдайда тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған банктің шығыны миллиард доллардан асқан еді. Өткен аптаның соңында банк қарызы бойынша төлем жасай алмайтыны анықталды. Нәтижесінде банк банкроталды жағдайы туралы жариялап, Нью-Йорк сотына қарыздарын қайта құрылымдау үшін арыз түсірді.

Бұдан кейін Қазақстанның БЖЗҚ аталған банкте 71,6 млрд теңге, қаражат сақтағаны анық болды. Бұдан кейін Қазақстанда қобалжу басталған еді.  Алайда кеше, 15 мамыр күні Әзірбайжан  Үкіметі банк қарызын қайтару туралы шешім қабылдаған. Қарыз Ұлттық қор қаражатынан қайтарылуы мүмкін.

Мемлекет көмегінен кейін Межбанк қарызы қайта құрылымдалып, банкрот болудан сақталады. Гасановтың айтуынша мемлекет мұндай қадамға амалсыз барған.  Аталған банк банкрот болған жағдайда елдегі бүкіл банк жүйесі күйрейтін еді.

Халықаралық банк елдегі ең ірі мемлекеттік екі банктің бірі. 1992 жылы құрылған қаржы институтының 1438 қызметкері, 35 филалы, 43 бөлімшесі, 752 банкоматы, 11 007 POS-терминалы бар.

Дінмұхаммед Алдаберген