10 мың қазақстандық таратылған банктерге қарыз

461
10
фото: sputniknews.kz

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 10 мыңға жуық қарыз алушы лицензиясынан айырылған үш банкке қарыз болған. Қарыз сомасы 9 млрд теңгеден асады.

Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) деректері бойынша мерзімі өткен берешектің басым бөлігі (90 күннен астам) Астана банкінде шоғырланған.

«Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Qazaq Banki, Астана Банкі және Эксимбанктің 10 мыңнан астам салымшысының қаржылық институттар алдында 9,2 миллиард теңге қарызы бар. Кейбір қарыз алушылар банк жұмысын тоқтатқан кезде несие мерзімін өткізіп алуға айыппұл есептелмейді деп санайды, бірақ бұл олай емес. Тіпті қаржы институты таратылу кезеңінде болса да, қарыз алушы қаржылық міндеттемелері бойынша төлемді тоқтатпау керек», – деді БКБ-да.

Ұйым салымшылар көбінесе олардың айыппұлы бар екенін білмейтінін атап өтті. Адамдар банкке жаңа несие алу үшін келеді және бас тарту алады. Сонда ғана олар несиелік тарихты бүлдіргенін, жаңа несие беру туралы шешім қабылдауға әсер еткен шағын қарыздары бар екенін біледі.

Сондай-ақ, БКБ-да жалпы қанша салымшының Қазақстанда жұмыс істеп тұрған банктер алдында берешегі бар екенін хабарлады.

«Қазан айының басында қаржы институттарында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар 722,4 мыңнан астам келісімшарт болды, клиенттер саны — 578,4 мың адам. Бұл ретте 100 мың теңгеден астам (1 күннен артық мерзімі өткен) қарыздар шамамен 847 мың адамда. Ал 50 мың теңгеден кем мерзімі өткен берешек – шамамен 532 мың теңге, 35 мың теңгеден кем – 1,9 мың және 9 мың теңгеден кем – 500 клиентте», – деп түйіндеді БКБ-да.