Кеңесші

100 нақты қадам: 2020 жылы салық декларациясын кім тапсырады?

2020 жылдан бастап зейнеткерлер мен кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар да салық төлеу қабілеті туралы есеп беруге міндеттеледі. Сонымен қатар, студенттер мен шетелдік туристер де декларация тапсырулары керек.

Бұл  «100 нақты қадам – Ұлттық жоспары» бағдарламасының 47 қадамы аясында іске асырылады. Барлық азаматтарды декларация тапсыруға міндететудің себебі – заңды тұлғалардың кірістері мен мүліктерін заңды тұрғыда да бақылап, көлеңкелі экономикамен және жемқорлықпен күресу. Жаппай декларацияландыру жүйесін енгізу салық төлеуді бір ретке келтіріп, салықтан жалтаруды тоқтатуға ықпал етеді.

Бұл қалай жүзеге асады? 7kun.kz ең өзекті сұрақтарға жауап іздеді.

2020 жылдан келесі азаматтар декларация тапсыруға міндеттеледі:

– кәмелеттік жасқа толған Қазақстан азаматтары, оралмандар және уақытша тұруға арналған құжаттары бар тұлғалар;

– кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар – егер олардың атына жазылған мүлік болса немесе олардың табыс табатыны белгілі болса;

– шетел азаматтары – ҚР аумағында мүлкі болса немесе ел аумағындағы мүліктің бір бөлігіне қожалық етсе.

Декларация үшін 250.0 формасы толтыру керек.

Аталған формада азаматтың мүлкі, дебеттік және несиелік қарыздары, қолма-қол қаражаты, 2019 жылдың 31 желтоқсанында берілген шетелдік банктердегі банктік құжаттары (депозиттер, несиелер) көрсетілуі керек.

Сонымен қатар, жеке тұлға өзге де мүліктерін көрсетуі керек. Мәселен, мәдени құндылық, әшекей-бұйымдары немесе биологиялық активтері.

Салықтық заң бойынша декларацияның екі кезеңі қарастырылған:

1) егер құжат қағазда жазылған болса, келесі жылдың 15 шілдесіне дейін өткізу керек;

2) егер электронды түрде сақталған болса, келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет.

Одан әрі қарай кіріс пен мүлік туралы декларация жыл сайын 2 формада көрсетілетін болады. 270.0 формасы – кеңейтілген, ал 260.0 формасы – қысқартылған.

Кеңейтілген декларацияда бір жылдық табыс, салықтық шегерімдер, мүлікті, транспортты, құнды қағаздарды, активтерді, инвестицияларды, қаржылық инструменттерді алу (өтемақысыз алу) немесе өткізу (өтемақысыз өткізу) көрсетіледі. Мұны ірі бизнес өкілдері мен ҚР аумағында мүлкі бар шетел азаматтары өткізуі тиіс.

Кірістер мен мүлік туралы қысқа декларацияны зейнекерлер, студенттер, жалдамалы жұмысшылар тапсырады. Бұл олардың өзге жолмен қаражат таппағандарына кепілдік беретін құжат.

Tags

Осы айдарда

Close