Қазақстанда сот орындаушыларының 70 пайызы қысқартуға түседі

448

Қазақстанда мемлекеттік сот орындаушыларының 70 пайызы жұмыстан қысқартылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Әділет министрлігі құқықтық-сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Саида Сағдат мәлімдеді.

«Қазіргі таңда мемлекеттік сот орындаушыларының санын 70 пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қалған 30 пайызы бұрынғысынша өз жұмыстарын жалғастыра береді. Қазір олардың жалпы саны — 1275 адамды құрап отыр» — деді ол журналистерге берген жауабында.

Дереккөз: vlast.kz.