2015 жылғы бөлшек сауда айналымы 6 369,6 млрд теңгені құрады

2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда айналымы 6 369,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады. 

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 3 343,0 млрд теңгені құрады немесе 2014 жылғы қантар-желтоқсанда қарағанда нақты мәні 3%-ға төмендеді.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,8%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3%, азық-түлік тауарлар – 0,7% төмендеді.
2016 жылғы 1 қантарға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 363,1 млрд теңгені құрады, саудадағы күндері – 47 күн.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаңтар-желтоқсанда республикада Алматы қаласы (27,5%), Астана қаласы (10,7%) және Шығыс Қазақстан облысы (9,3%) келеді.

дддддддддддддддддддддддд

Фото: kvnews.ru