2015 жылы Қазақстан қай елдерден дәрі сатып алды?

608
дәрі

Астана. 31 мамыр. 7kun.kz — 2015 жылы Қазақстандағы отандық антибиотиктер мен дәрі-дәрмек препараттарының үлесі 19,4%-ды құрады. Статистика комитетінің мәліметі бойынша қалған дәрі-дәрмектердің 32,6%-ы шет елдерден сатып алынған.

Өткен жылғы дәрілер импорты 932,6 млн долларды құрады (22,1 млн кг). Преператтардың көпшілігі Ресей мемлекетінен келді. 2015 жылы аталған мемлекеттен 65,5 млн долларға 8,1 млн кг дәрі сатып алынған.

Қазақстанға Үндістаннан өткен жылы 2,2 млн кг ($86,8 млн), Германиядан 2 млн кг медикамент ($144,7 млн) алынды.

Украина Қазақстанға 1,3 млн кг  ($22 млн), Беларусь 1,1 млн кг ($12 млн) дәрі-дәрмек жеткізген. Ал аталған кезеңде Қытайдан 4 млн долларға 1,2 млн кг дәрі сатып алынды. Франция мен Польша 834 мың кг ($114,7 млн) және 871,8 мың кг медикамент ($27,2 млн) сатты.

Сондай-ақ, Қазақстанға дәрі-дәрмектер Словениядан (539,4 мың кг), Түркиядан (296,6 мың кг), Испаниядан (256 мың кг), Нидерландыдан (255 мың кг), Болгариядан (241 мың кг), Пәкістаннан (236 мың кг), Ұлыбританиядан (227,5 мың кг) және Египеттен (223 мың кг) жеткізілді.
13340478_279976595723531_1679770161_o