2015 жылы РФ экономикасының құлдырауы 3%-ды қамтиды

548
2015 жылы РФ экономикасының құлдырауы 3%-ды қамтиды

2015 жылы Ресей Федерациясының ЖІӨ шамамен 3%-ға төмендейді деп болжайды РФ жөніндегі Citi экономисті Иван Чакаров.

Бұл ретте, ол сәрсенбі күні журналситермен болған кездесуінде 2009 жылғыдай терең рецессия болмайтындығын айтты.

«2015 жылы мұнай бағасы 2009 жылғыдай барреліне $60 деңгейінде болғанның өзінде ағымдағы жылы ЖІӨ құлдырауы тек 3% болады. 2009 жылы РФ ЖІӨ 7,8%-ға түскен еді. 2015 жылы құлдырау амплитудасы төменірек болады, себебі экономика қатты қызулы емес. Бұған қоса, алдындағы дағдарыс барысында РФ Орталық банкі рубльді соңына дейін ұстап тұрды, бұл экономика үшін жағымсыз болды, себебі жаңа жағдайларға бейімделе алмады. Бұл жолы РФ ОБ саясаты өзгерген жағдайларға жауап береді. Менің ойымша, негізгі мөлшерлеменің соңғы төмендетілуіне дейін РФ ОБ әдеттегідей әрекет етті», — деп мәлімдеді И.Чакаров.

Сарапшының пкірінше, 1998 жылдың қайталануына да күтілмейді, себебі РФ қарызы жоғары емес, резервтер бар және ағымдағы төлем теңгерімі оң.